Су құбырын тарту жұмыстары аяқталды

Пятница, 24 Февраль 2023 04:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 756 раз

su-kubyr-jumystar 1

Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков мәлімдеді. Аудан әкімі Тұран ауданында өткен жылы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Халық саны 220 700 адамды құрайтын, жер көлемі қала аумағының 32 пайызынан тұратын Тұран ауданының құрылғанына көп болмаса да атқарылған істері аз емес. Қазіргі уақытта аудан аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5 пайызы ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай шағынауданын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, биыл аяқталды. Бүгінгі күні құбырларды жуып-шаю, залалсыздандыру жүргізіліп, ауыз суды кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде 2023 жылы аудандағы елді мекендер 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

– Аудандағы жарық мәселесінде де дәл осындай көрсеткіш. Қазіргі уақытта Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдары атқарылып, 2024 жылы аудан 100 пайы сапалы электр қуатымен қамтылады деп отырмыз. Сонымен қатар, Жаңаталап елдімекенінде құрылыс жұмыстары қарқын алып жатқандықтан жол мәселесін шешу оңай болмай тұр. Дегенмен ол мәселе де кешіктірмей шешімін табады, – дейді аудан әкімі.

su-kubyr-jumystar 2

2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталған болатын. Қазір «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, осы жылы елді мекендер толығымен табиғи газға қол жеткізеді.

Табиғи газбен жартылай қамтылған Құрсай және Жаңаталап елді мекендерін де табиғи газбен толық қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Ауданда халыққа қажетті әлеуметтік нысандар – 84 балабақша (8 мемлекеттік, 76 жеке меншік), 41 мектеп (25 мемлекеттік, 16 жеке меншік), 9 колледж, 6 денсаулық мекемесі және 12 мешіт бар.

Айта кетейік, жиын барысында аудандағы жол құрылысы, көшелерді жарықтандыру, аулаларды абаттандыру, тазалық және қоғамдық көлік мәселелері де айтылды.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.