ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 284 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

comysia otyrysy

Жиында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы Е. Жолғасбаев қасақана қылмыс жасағандарды қайта әлеуметтендіру бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары А. Бейсенбаев және Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қ. Базарбаев ішкі істер органдары мен Төтенше жағдайлар департаментіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары туралы баяндады.
Сонымен бірге, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шаралары туралы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Алмас Абаев мәлімдеді, ал кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев кәсіпкерлерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шараларын күшейтуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.