Баспасөз бен оқырманның ортасындағы алтын көпір Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 06:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 278 раз

Тоқсаныншы жылдарға дейін ел арасында қазіргідей ұялы байланыс пен интернет болған жоқ. Есесіне пошта қызметі дүркіреп тұрған еді. Кез-келген сәлем-сауқат, амандық сұрасқан хаттар легі дәл осы пошта арқылы жеткізілген. Бүгінде сала мамандары тек қана әртүрлі заттарды жеткізумен шектелмейді, қызмет түрін заман талабына сай жасақтаған. Осынау жауапты қызметті абыроймен атқарып жүрген пошташылардың кәсіби мерекесі жазылушылар күнімен қатар тойланды.

Baspasos

«Қазпошта» АҚ «Шымкент почтамты» филиалының алдында 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні атап өтілді. Мерекені дүбірлете тойлауды дәстүрге айналдырған ұжым мүшелері, жергілікті басылымдарды да шақырған. Мерекелік іс-шараға қала тұрғындары, пошта қызметінің өркендеуіне үлес қосып жүрген мекемелердің басшылары, жауапты мамандары да қатысты. Дәл осы күні қала тұрғындары мерзімді басылымдарға жазылып үлгерді. Баспасөз бен оқырманды бір-бірімен байланыстырып, арасында көпір бола білген «Қазпошта» АҚ жазылушыларға арнап сыйлықтар да ұйымдастырыпты.
Қазір Шымкентте «Қазпоштаның» 32 бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Оның қызметіне күніне 150-200 адам жүгінеді.
– Дүниенің бір түкпірінен екінші бір нүктесіне хат жолдау, хабарлама, сәлемдеме жеткізу пошта мекемесі атқаратын міндеттердің бірі. Сондай-ақ, қаржылық жағынан да қызмет көрсетеміз. Банк карталары сияқты бізде де карточка қызметі іске қосылған. Есептік шоттан келіп алады. Кредиттік төлемді бізден ала алады. Депозит қызметін іске қостық. 12 пайызбен 12 айға бөліп жинау мүмкіндігі бар, – дейді «Қазпошта» АҚ «Шымкент почтамты» филиалы директорының орынбасары Бағдат Есенбаев.
Осы міндеттерді мінсіз орындаған, талай жылдар бойы қажырлы еңбек етіп келген қызметкерлер аталған жиында алғыс хаттар мен Құрмет грамотасымен марапатталды.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.