Асқақтай бер, елiмнiң Астанасы! Избранное

Пятница, 03 Июль 2015 07:19 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4033 раз

10406694 381459458715586 4912936612884378218 n

Құрметті қала тұрғындары мен
қонақтары!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін айғақтайтын Елордамыз 17 жыл ішінде ірі және заманауи мегаполиске айналды. Астана уақыты – күллі елдің мезгілдер мен мекендерді анықтар белгісі, Астана жаңалықтары – қазақтың қан тамырында бүлкілдеген шындықтар мен ақиқатты, ой мен образды білдіріп, бүгін мен келешектің жүгін көтеріп қана қоймай, әлемдік таным таразысының да ұйытқысы, ұйыстырушысы болып отыр.
Астана Арқа төсінде абыройын асырған сайын, біздің ұлттың ішкі әлемі, ойлау жүйесі кемелдене түсері хақ. Бүгінде елорда инвестициялық идеялар мен ұлттық жоспарлар, халықаралық шешімдер іске асатын орынға айналған. Әлемдік аренадағы беделі мен имиджі жоғары Қазақстан астанасында «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің өтуі еліміз үшін үлкен абырой. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамда»  Astana EXPO-2017 инфрақұрылымдары арқауында арнаулы мәртебе бере отырып, Астана халықаралық қаржы орталығын құру, оны ТМД, Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін қаржы хабы ретінде қалыптастыру көзделген. Яғни, елорданы барлық бағытта дамыту қарқыны бәсеңдемесі, үдей түсері анық.

Құрметті жерлестер!

Астана мерейі – ел мерейі, Астана беделі – халық беделі. Астана тек алып мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының, жаңғыруының символы. Бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы елордамыз еліміздің барлық қалаларына үлгі. Осы орайда, үшінші мегаполис Шымкентті дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Ел бірлігін нығайта түсетін ерекше мереке күні баршаңызға амандық, денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз! Қазақстан мен Астана гүлдене берсін!

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.