Жастарды тәрбиелеуде таптырмайтын құрал

Пятница, 17 Июль 2015 07:43 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5761 раз

Баршагүл Исабек,barshagul isabek
ОҚМПИ-ның бірінші проректоры:

– Елбасы Н.Назарбаевтың «Өмір өткелдері» кітабын мұқият оқып шықтым. Кітапты оқи отырып, негізгілерін ойда түйіп, тұжырым жасауға болады. Біріншіден, жаңа кітапта Елбасының өмір жолы толығымен көрініс тапқан. Осы арқылы Мемлекет басшысын қайта тани түсесің. Екіншіден, бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктерін бөле жара айтуға болады. Қазақстанның қазіргі саясаты мен даму жолындағы жетістіктері нақты деректермен келтірілген. Үшіншіден, ерекшелігі сол, бұл кітап еліміздің жаңа тарихы туралы оқулықтармен теңдесе алады және жастарды патриотизмге тәрбиелеуде таптырмайтын құнды құрал. Сондықтан, кітап жас оқырмандар үшін бағалы дүние. Жаңа кітап Елбасының өнегелі өмірі арқылы көп нәрсені үйренуге, мол мәлімет алуға, өз елін, жерін тереңінен тануға баулиды. 

Диас НҰРКЕНҰЛЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.