Әрбiр патриот қазақ оқуы тиiс кiтап

Пятница, 17 Июль 2015 07:45 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5274 раз

Мархабат Байғұт, жазушы-markhabat baigut
журналист, халықаралық «Алаш»
сыйлығының иегері:

– Астанадан жеткен кітапты көріп қатты қуандық. Ары-бері аударыстырып қараймыз-ай. Газеттен оқыған әсерлі, әрине. Асыға күтіп жүріп. Кітаптан оқу одан да ғанибет.
Өмір өткелдері. Сұхбат кітабы. Бес жүз алпыс сегіз бет. Қазақ қазынасы десек, жарасар. Сындарлы сырдас­тан десек, үйлесер. Парасат пайымдары десек, ұнасар.
Сұхбат кітабының, сындарлы сырдастанның мән-маңызы, арқау-арналары мазмұнын мағыналайтын тақырыптарының аты-жөндерінен де айқын да ашық аңғарылып, айшықталып тұрыпты. Бажайлап, байыптап байқаңызшы: «Ұшқан ұя ұлағаты», «Құрыштың құйылуы», «Теміртау – алтын бесік», «Кемелдену кезеңі», «Тоқырау тұсында», «Сергелдеңнің соңы», «Сын сағаты соққанда», «Тәуелсіздік табалдырығында», «Егемендіктің елең-алаңы», «Тажалды тұншықтыру», «Конституция үшін күрес», «Шекараны шегендеу», «Сыртқы саясат соқпақтары», «Тар жол, тайғақ кешу», «Нұрлы Жол», «Астана – елдік ерлігі».
Мысалы, кітаптың «Кемелдену кезеңінде» сұхбат Елбасының «Қазақстанның жаңғыртылуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты атақты мақаласынан басталған. Бұл мақаланы дайындау барысында Нұрсұлтан Әбішұлы көп ойланып, көп толғанғанын айтады. Жаһандық қаржы дағдарысы, ауадан ақша жасалатын жағдайлардың қауіптілігі, адам баласының көбінесе өзінің проблемасын өзі жасайтыны, кейбір мемлекеттердің керенаулыққа, ал бәз-біреулердің астамсуға бой алдыруы сияқты мәселелерді таразылай отырып, ел-елдің бәрін де тек еңбек қана көркейтетініне көңіл аударады. Осы жерде тағы да әкесі мен анасының шалдықпас та шаршамас шаруаторы бейнеткештігін бәдіздейді. Баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын мысалдар арқылы мәністейді.
Көшбасшымыздың бұл сұхбат кітабын Сындарлы Сырдастан деп қабылдағанымыз рас. Сыры терең еңбекті әрбір патриот қазақ, патриот қазақстандық оқып-тоқуға тиіс.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.