Ұлттық құндылықтар ұлықталды

Пятница, 28 Август 2015 11:01 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 6541 раз

ulttyk kundiliktar uliktaldy 35Шымкент қаласында Оңтүст­ік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустр­иалды-инновациялық даму және туризм басқ­армасының тапсырысымен, “ЕРНИЯЗ” жарнама өндірістік фирмасының ұйымдастыруымен «Оңтүстік көрк­і – Красота юга» қолөнершілер мен қолдан­балы өнер шеберлерінің көрмесі өткізілді­.

Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, төл өнерімізді жан-жақты насихаттаған көрмеге облыстағы қала, аудандардан келген қолөнер шеберлері, қолд­анбалы өнер шеберлері, кәдесый бұйымдары­н өндірушілер, кәдесый бұйымдары дүкенде­рі өкілдері қатысты. Олардың ешқайсысы да осал болған жоқ.
“ЕРНИЯЗ” жарнама өндірістік фирмасының директоры Ербол Дайрашовтың айтуынша, көрмеге өңіріміздегі ең танымал қолөнер шеберлері қатысып, өз шеберліктерін паш етті.
– Көрменің басты мақсаты – облыста ішкі ту­ризмді дамытуға ықпал жасау, этикалық ту­ризмді дамыта отырып, ұлттық мәдениет, с­алт-дәстүр, қолөнер бұйымдарын жергілікт­і халыққа таныстыру, ұлттық қолөнер бұйы­мдарын жасаушыларды ынталандыру, – дейді көрмені ұйымдастырушы Е. Дайрашов.
Айта кету керек, көрме шеңберінде бірнеше номинацияла­р бойынша байқау өтті. Атап айтар болсақ, «Ең үздік қолөнер шебері» аталымы бойынша жүлделі бірінші орынды Бейсбековтар отбасы (ер-тұрман, тоқыма, алаша) жеңіп алса, екінші орынды Әшірбек Желдібаев (зергерлік бұйымдары, белдік), үшінші орынды Мақсат Сәрсенбаев (макреме, сандық, кебеже) иемденді. «Ең үздік кәдесый бұйымы» аталымы бойынша Түркістан қолөнер мектебінің (кешенді шығармалар) мерейі үстем болды. Сондай-ақ, бұл аталымда Еркеш Қарақойшиева (шиқұрақ, тігін бұйымдары) екінші орыннан көрінсе, Гүлназ Қарабдалова (қыштан жасалған сыйлықтар) жүлделі үшінші орынға иелік етті.
Көрме соңында номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйл­ықтармен марапатталды. Басқа да белсенділік танытқан қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталып, оларға тарту-таралғы жасалды.

С. ТАСТАНБЕК

Последнее изменение Пятница, 28 Август 2015 11:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Шәмшi әнi шалқыды Ардагерлер қойылым көрсеттi »