90 жасқа толған қарияны құттықтады

Пятница, 18 Сентябрь 2015 07:48 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 7256 раз

Биыл Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай елімізде түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерімізге материалдық, рухани көмектер көрсетілуде.

Соның 90 jaska 38бір дәлелі – Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен аудандық ардагерлер кеңесі ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагері Жақыпбаев Төлегенді 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Аудан әкімінің орынбасары С. Нұрманов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Омаров майдангер қарияның шаңырағында болып, аудан әкімінің құттықтау хатын табыс етті. Сонымен қатар, қазақы дәстүрмен қарияға шапан жауып, ыстық ықыластарын білдірді.
– Соғыстың салған жарасы оңай емес. Қаншама боздақтардың қыршын қиылуымен келген бұл Жеңістің маңызы зор. Уақыт алға жылжып сырғыған сайын, тірі тарихи батырларымыздың қатары күн санап кеміп, арамыздан азайып бара жатыр. Оларға қандай да қолдау, көмек көрсетсек те артық болмайды. Сондықтан да батырларымызды қолда барда қадірлейік! – дейді аудан әкімінің орынбасары С. Нұрманов.

С. АЙБАР

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Есім хан Сөздiң дәмi мен мәнiн кетiрмейiк »