Шымкенттiк фотографтың жұмысы «Экспо-2017» көрмесiне қойылады

Пятница, 29 Январь 2016 06:42 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 5421 раз

Бұдан біраз уақыт бұрын республикалық «Тарихи фотосуреттер» фотобайқауында шымкенттік фотограф Мақсат Шағырбаевтың жеңімпаз болғанын қуана хабарлаған болатынбыз. Енді Астана қаласында салтанатты марапаттау рәсімі өткізіліп, жеңімпаз атанған фотографтардың көрмесі ұйымдастырылды.

12400803 1690407747901912 1801939871686015485 nФотобайқау «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Жеңістің 70 жылдығы», «ҚР Конституциясының 20 жылдығы» және «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына» арналған болатын. Байқауға барлығы 27 фотограф өз жұмысын ұсыныпты.
– Өткен жыл айтулы даталарға толы жыл болды. Осыған орай біз республикалық фотобайқау жарияладық. Бұл байқау белгілі бір тақырып аясымен шектеліп қалған жоқ, мұнда Қазақстанның тыныс-тіршілігі жан-жақты қамтылып, қас-қағым сәттердің барлығы фототарихқа айналды, –  деді Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен «Қазақ хандығының 550 жылдығы» аталымында топ жарған Назарбаев университетінің әкімшілік қызметкері, әуесқой фотограф Қанат Нұртазинге, «Жеңістің 70 жылдығы» аталымы бойынша үздік шыққан Петропавл қаласындағы «Солтүстік Қазақстан» баспаханасының фототілшісі, кәсіпқой фотограф Вадим Мударисовқа, ал «Конституцияның 20 жылдығы» және «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» аталымы бойынша жеңімпаз атанған кәсіпқой фотограф Мақсат Шағырбаевқа «Алғыс хат» пен қомақты қаржылай сыйақы табыс етілді.
– Астана қаласында өткен бұл байқаудың жөні бөлек. Көрген көзге ұлттық құндылықтарды елестететін, қазақы түс алған көрменің келешек ұрпаққа берері мол екеніне күмән жоқ. Елбасы Н.Назарбаевтың
бастамасымен жүзеге асып, құрлықтардың басын қосып жатқан «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне еліміздің мәдениеті мен ұлттық құндылықтармен әрленген шығармашылық еңбегіммен әлем елдері туристерінің назарын аударуға барынша атсалысамын, – дейді
Мақсат Шағырбаев.
Айта кетейік, жеңімпаз фотографтардың өзге де туындыларын 22 ақпанға дейін Ұлттық музейден тамашалауға болады.

Әйгерім БЕГІМБЕТ