×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жаһандық дағдарысқа қарсы құжат Избранное

Среда, 13 Январь 2016 06:17 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4745 раз

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шымкентте
тұрғындармен кездесті

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы қараша айының 30-жұлдызында жариялаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.


12541094 465842943600725 4338266597186084716 nСонымен қатар, жиында Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы және қолданысқа енген жаңа Еңбек Кодексі кеңінен талқыланды. Оған топ жетекшісі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Алмасбек Мамытбеков, облыстық, қалалық деңгейдегі түрлі сала басшылары, қала тұрғындары қатысты. Жиынды қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды.
Жолдаудың өзіндік мәні мен маңызын саралаған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өз кезегінде, Ұлт Жоспарының 83-қадамына сәйкес еңбек қатынастарын ырықтандыру мақсатында қабылданған жаңа Еңбек Кодексінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бұл Заң аясында жұмыс берушінің жауапкершілігі артып, Үкімет ұйымдарға қызметкер қабылдауына немесе жұмыстан босатуына, қажеттілік бойынша кадрлық өзгерістер жасауына және еңбекақы тағайындауына еркіндік беріп отыр. Мемлекет бұлардың ашық, әділ жүруін ғана қадағалайды.
Сондай-ақ, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Серік Әуезханов Жолдауда белгіленген басым бағыттарды жүзеге асыру барысын таныстырды.
– Қазіргі таңда, өзекті мәселенің бірі – білім беру ғимараттарын заманауи талапқа сай озық үлгіде жабдықтау болып табылады. Бұл салада Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін тоғыз білім ұясының қызметін жүйелеп, түйткілді мәселенің шешімін табу мақсатында ағымдағы жылда қосымша алты мектеп салу жоспарлануда. Бұл бағытта, өткен жылы жаңа жеті балабақша мен бес мектеп ғимараты пайдалануға берілгенін де айта кеткен жөн, – деп атап өтті Серік Елемесұлы.
Осы орайда, аталған мәселеге арнайы тоқталған ақпараттық-насихаттық топтың жетекшісі Дархан Сатыбалды Жолдаудың өзіндік бағыт-бағдарын да қамтып көрсетті.
– Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мәні жаһандық дағдарыстың екпініне лайықты тосқауыл қоя отырып, экономикалық тұрғыдан даму мен өсіп-өркендеуге мейлінше баса назар аударылған. Бұл тұрғыда, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап, мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысын едәуір мөлшерде ұлғайтылатын болады. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде, жаңа әлеуметтік нысандардың ғимараттары бой көтеретін болады. Атап айтқанда, қазіргі таңда, облыс аумағында 104 білім нысанының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Өңірде апатты жағдайдағы 42 мектептің 36-сы жаңа ғимаратқа ауыстырылды. Бұл мәселе де биыл толық шешімін тауып, ескінің орнын жаңа ғимараттар алмастыратын болады, – дейді Дархан Амангелдіұлы.
Өз кезегінде, топ жетекшісі сала қызметкерлерінің алдында жауапты жұмыстар тұрғанын айтып, маңызды міндеттерді орындауда барлығы жұмыла күш салатынына сенім білдірді.