Әкiм есебiне оң баға берiлдi Избранное

Пятница, 29 Январь 2016 05:17 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3735 раз

Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов халық алдындағы есеп беру кездесуін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда қорытындылады. Әкімнің есебіне қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов және аудан халқы мен зиялы қауым өкілдері, орам, көше басшылары мен үй басқарушылары қатысты.

12642716 1691250994454594 3051776005592475511 nАудан басшысының жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы баяндамасынан соң, жарыссөзге шығушылар және жазбаша сауал жолдаушылар қатары көп болды. Мінберден алғаш сөз алған Ә.Молдағұлова көшесі, №4 көпқабатты тұрғын үйдің басқарушысы Л.Райкеева ауданда атқарылған оңды тірліктердің көп екенін, тазалыққа басты назар аударылатынын айта келе, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауласының «Үздік аула» атанғанын мақтанышпен жеткізді. Сонымен қатар, Ә.Молдағұлова көшесіндегі №6А, 8А үйлерінің балалар ойын алаңшалары жарықтандырылса деген ұсынысын жеткізді. Сонымен бірге, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Роза Пак, кәсіпкер Досжан

Дүйсенбиев ауданда игі істердің көптеп атқарылғанын тілге тиек етіп, Бауыржан Ахметәліұлының жұмысына оң бағасын берді. Тұрғындар арасынан аудан әкіміне сауал жолдағандардың денін коммуналдық мәселелер толғандырады. Оның ішінде, жол жөндеу жұмыстары, қоғамдық автокөлік, көшелер мен аулалардың жарықтандырылуы секілді өзекті мәселелер бар. Мәселен, 350 орам басқарушысы Қуандық

12540696 1691250984454595 2721670011878910872 nСауранбаев, Бәйдібек би көшесі бойынан жер асты өткелі салынса деген ұсынысын айтты. Аудан әкімі Б.Қалжановтың сөзінше, бұл мәселелер биыл шешімін табады. Тәуке хан даңғылы №33 үйдің басқарушысы Р. Байымбетова жеделсаты мәселесінің өзекті екенін жеткізді. Осы уақытқа дейін қызмет көрсетуші компаниялар үш рет ауысып, соның салдарынан жарамсыз болған. Бұл орайда, қала басшысы Ғ.Әбдірахымов: «Жуырда Терешкова көшесіндегі үйде жеделсаты істен шыққандықтан, жаңаладық. Жеделсаты «Петроқазақстан» компаниясының қаржысына сатып алынды. Қосымша тағы 5 жеделсаты алынды. Оны бес үйге орнататын боламыз», – деді.

Б.Қалжановтың есебін қорытындылаған қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов Әл-Фараби ауданы қаламыздың айнасы болу керектігін, қаланың орталығында орналасқандықтан, қала мәдениеті осы жерден басталғаны жөн екенін айта келе, әкімнің жұмысына оң баға беріп, сүйінші жаңалығын қоса жеткізді. Шымкент қаласының әкімдігі орналасқан бұрынғы ғимаратта жөндеу жұмыстары аяқталған соң, онда Әл-Фараби ауданы әкімдігінің аппараты және қалалық білім бөлімі қоныс теппек.

Жалпы, аудан басшысына 20-дан астам сауалдар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. Ал жазбаша түскен сұрақтардың жауабы БАҚ беттерінде жарияланады.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.