«ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛІК ОРТАЛЫҚ»: ХАЛЫҚҚА ТИІМДІЛІГІ ҚАНДАЙ? Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 226 раз

Халықтың қажеттіліктеріне жауап беретін трансформацияланған емханаларда ашылған «Үздік тәжірибелік орталық» – қазақстандық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің жаңа (бұдан әрі – МСАК) моделі.

UzdikTa

 

Қазіргі таңда республиканың қалалары мен облыстарында емханаларда «Үздік тәжірибелік орталықтар» ашылып, олардың саны көбеюде. Мұндағы негізгі мақсат – тұрғындардың қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырып, сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18.04.2023 жылғы № 228 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласында 2023 жылғы 15 қыркүйекте алғаш болып «Үздік тәжірибелік орталық» қалалық №6 емхана базасында ашылды. Орталықтың ұраны: «Әр адамның денсаулығына қамқорлықпен!», Бірліктің ұлы күші – әртүрліміз, бірақ біргеміз!» деп аталады. Сонымен қатар, Шымкентте 2023 жылы №1, №3 және №7 қалалық емханалардан да осындай орталықтар ашылды. Енді бұл орталықтың маңыздылығы мен айырмашылығы қандай? Осыған жіті тоқталсам.
Үздік тәжірибелік орталықта мультидисциплинарлық мамандар командасы жұмыс істейді. ҚР МСАК көрсетуді ұйымдастыру стандарты ҚР ДСМ 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы және «Денсаулық сақтау объектілерін жобалау және салу кезінде медициналық ұйым жұмыскерлерінің штат санын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №791 бұйрықтарына сәйкес мультидисциплинарлық мамандар командасы құрылады. Ол құрамда отбасылық дәрігер – 1,0, отбасылық медбике – 3,0, акушерка – 0,5, психолог – 0,3 (1,0 ш 5000ад), әлеуметтік қызметкер – 0,3 (1,0 ш 5000ад) шататтық бірлікте құрылып қызмет атқарады. Медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделі аясында емханада халықты тарта отырып, медициналық-әлеуметтік жобаларды енгізіледі. Емханада мұндай 11 жоба іске қосылған. Олар – МИОМОС, «Ақылмандар кеңесі», «Халық кеңесі» «Пациенттердің көзімен емхана», «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Ерлердің денсаулығын ұзартуға бағытталған» жобалардың әрқайсысына тұрғындарды тарта отырып, жүзеге асырылады. Мәселен, «Ақылмандар кеңесі», «Халық кеңесі» жобасында емханаға тіркелен ардагерлер, қариялар, белсенділермен бірлесіп, ақылдасып, өзекті мәселелер шешіледі.
Сонымен қатар, цифрлы жүйе аясында медицина қызметін халыққа барынша қолжетімді етуде медбикелерге GPS құрылғысы берілді. Құрылғы арқылы учаскелеріндегі азаматтардың денсаулығын аралап, қарау барысында ауруы асқынған науқасқа кезіксе, құрылғының көмегімен қажетті дәрігерді жылдам шақыртып береді.Бұл мақсатта Патронаттық қызметтің әмбебап прогрессивті моделі кабинеті жұмыс істеп тұр. Жаңа құрылғымен 38 маман қамтылған. Бұл аппарат арқылы монитордан емхананың аумағында тіркеуде тұрғандардың нақты мекенжайларын, пациент туралы ақпараттарды көруге болады. Ең маңыздысы, пациентке және отбасына олардың қажеттіліктері мен сұраныстары негізінде кешенді интеграцияланған көмек көрсетіледі. Яғни медициналық, әлеуметтік, психологиялық қызметтер арқылы – денсаулық қажеттіліктерін бағалау модельдері қалыптастырылады.
Бұл атап өткен жаңашылдықтармен бүгінгі таңда №6 емхана мамандары жұмыс істеп келеді. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырды. МСАК-тың жаңа моделі – денсаулық сақтау салысын дамыту және халыққа сапалы медициналық көмек беруде нәтижелі әрі тиімді жоба деп сеніммен айта аламыз.

Айгүл ҚЫЛЫШБАЕВА,
Шымкент қалалық №6 емхананың бас дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.