Ұрпақтар сабақтастығы ұлықталады

Пятница, 15 Май 2015 02:57 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 6027 раз

DSC6009Бұл күн 1993 жылы қыркүйекте БҰҰ-ныӊ Бас Ассамблеясымен бекітілген және 1994 жылдан бастап халықаралық отбасы күні ретінде аталып өтуде. Ал, Қазақстанда отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол”  Қазақстан халқына Жолдауында:« ... Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік –ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздіӊ балаларымыздыӊ бақыты”, – деп атап айтқан болатын. Яғни елімізде, отбасы мәселесі ошақ қасында ғана қалмай жоғары деңгейде мән-маңызға ие екені мәлім.

Ал, халықаралық отбасы күні елімізде отбасы институттарыныӊ рөлін арттыру, репродуктивтік денсаулыққа ортақ жауапкершілікпен қарау, өзіӊніӊ және жақындарыӊныӊ денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар өмірге дені сау балалардыӊ келуіне жағдай жасау мақсатында “Отбасы – ұрпақтыӊ саулығы, ұзақ өмір сүруі мен сабақтастығы” ұранымен өткізіліп келеді. Халықаралық отбасы күнін өткізу отбасы мәртебесін көтеруге, маӊызды мәселелерді және қажеттіліктерді түсінуді жақсартуға мүмкіндік береді. Ендеше, бұл күнді отбасыңызбен, тіпті әулетіңізбен бірге бас қосып, жас ұрпаққа үлгі болардай мағынада және көтеріңкі көңілде өткізгеніңіз жөн.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Жаңа полигон жұмысын бастады Менiң көкем »