×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Әлеуметтік орталық ашылды

Пятница, 25 Март 2016 05:00 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5331 раз

Облыстық Кәсіподақ орталығы жанынан ресми түрде әлеуметтік орталық қызметі іске қосылды. Бұл – ел аумағындағы ҚР Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан ашылған алғашқы нысан болып отыр. Салтанатты шара аясында әлеуметтік көмекке зәру кәсіподақ мүшелеріне күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар таратылды.

IMG 7440– Әлеуметтік орталық облыстық кәсіподақ орталығы қызметкерлерінің, кәсіподақ белсенділерінің қолдауымен және «Евразия», «Көктем» базарларының көрсеткен демеушілігі есебінен құрылған. Шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік әлсіз тобына көмек беру. Осыған орай, әл-ауқаты төмен отбасы мүшелерін анықтап, әлеуметтік көмек ретінде киім-кешек, азық-түлік өнімдерімен тұрақты түрде қамтып отыратын боламыз, – деді облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Ғани Қарабеков.
Айта кетейік, ҚР Кәсіподақтар Федерациясы республикалық кәсіподақтар бірлестігі салалық кәсіптік одақтарды және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін біріктіретін коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Последнее изменение Пятница, 25 Март 2016 09:53