Балабақша атауы – «Айналайын» Избранное

Пятница, 25 Март 2016 04:24 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 9445 раз

Шымкентте 150 орынға арналған жаңа нысан ашылды

HPIM7935Наурыз мерекесі қарсаңында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында Еңбекші ауданы, «Ұлағат» шағынауданында «Айналайын» балабақшасы пайдалануға берілді. 150 орынға арналған бөбекжайдың ашылу рәсіміне аудан әкімі Ғалымжан Ильясов, сондай-ақ ата-аналар және жергілікті тұрғындар қатысты.


Жаңа балабақшаның жұмысымен танысқан Ғ. Ильясов ғимаратты аралап көрді. Бөбекжай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Әр топқа арналған ойын алаңшалары, қысқы-жазғы шомылу бассейндері бар. Жас өрендердің тәрбие алуына қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, балғындарға жылы лебізін білдірді.
– Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 3-6 жас аралығында бүлдіршіндерді 2020 жылға дейін мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл өзекті мәселе біздің өңірімізде мерзімінен бұрын шешілуде, – деді аудан әкімі Ғалымжан Ильясов.
Екіқабатты бөбекжайға 158 млн теңге бөлінген. Жаңа балабақшаның құрылысы 2015 жылы басталып, өз мерзімінде ел игілігіне беріліп отыр. Бүгінде аудан бойынша 41 жекеменшік, 25 мемлекеттік балабақша бар.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.