–«Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен өзімнің білім алған мамандығыммен жұмысқа орналасып, қазір кәсіби қабілетімді дамытудамын. Бағдарлама оқуын жаңа аяқтаған жастардың жұмысқа орналасып, маман ретінде қалыптасуына жақсы мүмкіндік, – дейді Аида Асанқызы.
Егерде сіз жоғарғы оқу орнын жаңа бітірген түлек болсаңыз немесе мамандығыңыз бойынша диплом алғаныңызға 5 жылдан аспаған болса, онда сіздерді Еңбек мобильділігі орталығы «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасы бойынша еңбек жолыңыздағы бастапқы қадамды жасауға шақырады.
Жоба қатысушысының еңбекақысы – 30 АЕК (103 500 т.) құрайды. Жобаның ұзақтығы – 12 ай. Жобаға қатысуға ниетті Шымкент қаласының тұрғындары өз тұрғылықты мекенжайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады.
- Әл-Фараби ауданы бойынша бөлімше мекенжайы:А.Байтұрсынов және Ұ.Арғынбеков көшелерінің қиылысы 201;
- Абай ауданы бойынша бөлімше мекенжайы: Ұ. Арғынбеков 243/3;
- Еңбекші ауданы бойынша бөлімше мекенжайы: Әл-Фараби алаңы 3/2;
- Қаратау ауданы бойынша бөлімше мекенжайы: «Нұрсат» м/а, С.Бәйтереков 89;
- Тұран ауданы бойынша бөлімше мекенжайы: Қазыбек би 50.