ҚАРИЯЛАРДЫ ҚУАНТТЫ Избранное

Пятница, 03 Май 2024 05:21 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 153 раз

Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында  «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.

Karia

 

Емделушілер өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, өнерпаздарға өз ризашылықтарын жаудырды. Концертке 70-ке жуық қария қатысты.
Өнерпаздар орталық емделушілеріне бар қазақ сүйіп тыңдайтын әндерді – халық әндері мен Ш.Қалдаяқовтың әндерін, бүгінгі заманның танымал шығармаларын орындап берді.
Тұран ауданында орналасқан №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жауапты мамандары мәдениет ұжымына барша ардагерлер атынан рахмет айтып, алғыс білдірді.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.