ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР Избранное

Среда, 12 Июнь 2024 06:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 304 раз

«прокурорлық сүзгіден» өтеді

Шымкент – инвестиция тартуға ыңғайлы қала. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Шаһарда бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Жуырда «Shymkent Invest» кеңсесінің ашылуы осының айғағы. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен қатар экспорттау, дамуды қаржыландыру бойынша қызметтер көрсетеді. Проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру де осы жерде іске асады. Бұл жөнінде Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде айтылды.

inves

 

Шымкент қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің басты мақсаты оларды іске асырудың барлық сатысында инвесторларға құқықтық қолдау көрсету және қорғау екенін атап өтті.
– Инвестициялық штаб инвестициялық жобалар бойынша «прокурорлық сүзгі» деп аталатын жаңа тәсіл енгізді. Енді мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар инвесторларға қосымша жүк артатын кез келген тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шешімдерін алдымен прокурорлармен келіседі. Енді инвесторларды сүйемелдеу және оларға мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «жасыл дәліз» құрылды, – деді прокуратура өкілі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеп те келеді. Бақытжан Тастемірұлының айтуынша, қытай инвесторына газ тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ықпал жасалса, тағы бір инвесторға жер телімінің шекарасын белгілеу қызметін созбалаңға салу әрекеті тоқтатылды. Кәсіпкерлікті қорғау саласында 1 012 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 6 әкімшілік кедергі жойылды, 13 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

BRiFF

Сондай-ақ, кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін салық органының басшысы ӘҚБтК-тің 173-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін сотпен ӘҚБтК 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша тиісті мекеме әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 104,7 млн теңге айыппұл салынса, 900-ден астам кәсіпкердің ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханаларында жануарлардан алынатын өнімдерді қайта сараптау тәжірибесі тоқтатылған.
«Shymkent Invest» кеңсесінде «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен базадағы кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатылады. Прокурорлар инвестиция салу кезінде кедергіге тап болған кәсіпкерлерге құқықтық кеңес береді.
Ал, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова инвестициялық карта іске қосылғанын жеткізді. Интерактивті инвестициялық картаны Үкімет және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірігіп іске қосып отыр. Бұл карта – инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысында мониторинг жасауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал. Онда инвестициялық жобаға қатысты барлық тарапқа, мысалы, кәсіпкер, жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік орган, даму институттарына тиісті жауапкершілік бекітіледі.
Бүгінгі таңда инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық бірегей пулының тізіліміне Шымкент қаласы бойынша жалпы сомасы 443 млрд 56 млн. теңгені құрайтын 59 жоба енгізілген.
Ол жобалар мониторинг жүргізу нәтижесінде қазіргі таңда 4 кезеңге бөлініп отыр:
1-кезең – жалпы ұлттық пулға жобаларды енгізу (1 жоба);
2-кезең – Құжаттарды әзірлеу (13 жоба);
3-кезең – Құрылыс-монтаждау жұмыстары (40 жоба);
4-кезең – Іске қосу, өндірістік қуаттылығына шығу, өзіндік құнын өтеу (5 жоба).
Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылау аясында барлық тараптар, оның ішінде прокуратура қызметкерлері де жұмылады.
– «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеттерінің бірі – еліміздегі кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға ықпал жасау. Осыған орай, жергілікті атқарушы және құзырлы-бақылаушы органдармен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жұмыстары атқарылып жатыр», – деді Сабира Адамбекова.
Ал «ҚазақИнвест» АҚ өңірлік өкілдігінің директоры Дінмұхамед Зиятбеков Шымкентте іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларға тоқталып өтті.
– Қалада 2023-2027 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,6 трлн теңгеге 224 инвестициялық жобаның пулы жасақталды. Нәтижесінде, жаңадан 33 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Ал, 2024 жылы жалпы құны 257 млрд теңгеге 5 432 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 52 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, – деді өкілдік директоры.
Айта кетейік, бизнес өкілдері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +7751112542 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, «Заңғар» бизнес орталығының ғимараты) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін хабарласа алады.

Салтанат ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.