МЕТАЛЛ ҚАБЫЛДАУ ОРЫНДАРЫ ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛІП ЖАТЫР Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 06:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 662 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес орталықта орналасқан көктас шеберханалары және металл сынықтарын қабылдау орындары қала сыртына көшіріліп жатыр.

KokTaS

 

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандарында орналасқан көктас шеберханаларын, сынық металл қабылдау орындарын, брусчатка жасау цехтарын сыртқа көшіру бойынша түсіндірме жұмыстарын бастады.
Басқарма тарапынан ұсынылған Алтынтөбе шағынауданында орналасқан «Шымкент» (77га), Бозарық шағынауданында орналасқан «Солтүстік-1» (2,8га) және «Солтүстік-2» (2,6га) құрылыс материалдарын сатуға, өңдеуге арналған индустриалды аймақтары құрылған. Кәсіпкерлерге аталған аймақтардан заң шеңберінде жер телімін алу жолдары түсіндіріліп жатыр.
Айта кетейік, қала басшысының тапсырмасына сәйкес құрылыс материалдарын өңдеуге арналған кіші цехтарды және оларды сатумен айналысатын базарлар Құрсай, Бадам және Қызылсай шағынаудандарына көшірілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.