Зират аумағын ретке келтірді

Понедельник, 15 Июль 2024 10:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1067 раз

«Тазалық – иманның жартысы» деген сөз бар. Еліміз бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» науқаны аясында Шымкентте орталық мұсылман мазаратында санитарлық тазалық күні ұйымдастырылды.

Қаладағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен «Жасыл ел» еңбек жасағы мүшелері мазараттың іші-сыртын қоқыстан тазалап, зират ішіндегі аяқ жолдарды ретке келтірді.  

Жастар ресурстық орталығының өкілі Қайыржан Бөгенбайдың айтуынша, мазаратта іздеу-сұрары жоқ 10-нан аса ардагер мен мәдениет қайраткерлері жерленген. Жастар сол кісілердің бейітін қураған шөптерден тазартып, қоршауларын ретке келтірді. «Жас келсе – іске» деген, қайратты жастар тазалық акциясына белсене қатысуда.

Науқан аясында көше тазалау, елді мекендер аумағын көгалдандыру және абаттандыру істерінде жастар зор үлес қосуда.

 

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.