ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ Избранное

Среда, 24 Июль 2024 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 540 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шаһардағы бірқатар нысындарды аралады. Қаратау ауданы Тассай және Таскен шағынаудандарындағы көшелердің орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Аудан әкімдігі мен құрылысқа жауапты мамандарға жол жөндеу жұмыстарын сапалы әрі кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды.

2 қала әкімі

 

Сонымен қатар, шаһар басшысы Тұран ауданындағы «ҚазЭнерго-1» және «Электрокомплект-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қызметтерімен де танысты. Бұл кәсіпорындар кабель және сым бұйымдарын шығарумен айналысады. Өз кезегінде серіктестік басшылығы ағымдағы іс-шаралар мен даму жоспары туралы ақпарат берді.
Бұдан бөлек Ғ.Сыздықбеков Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесінің тұрғындарымен де жүздесті. Олармен аулаларды абаттандыру, көлік қоятын орындар, бейнебақылау камераларын орнату және аумақты тазалау сынды бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, қала әкімі «Global Coffee» кофеханалар желісінің цехында болып, кофенің терең өңдеу барысымен танысты. Кәсіпкерлермен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөйлесті.
Одан әрі Еңбекші ауданындағы футболдан №17 қалалық олимпиадалық резервтерінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды. Мектеп оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме басшылығы мен салалық бөлімнің алдына бірқатар міндеттер қойды.
Сондай-ақ, мегаполис басшысы Қаратау ауданы, Назарбеков көшесіндегі арық желілерін кеңейту, кәріз коллекторларын қосу жұмыстарының барысын тексерді. Бұл бағыттағы жұмыстар көше мен аулаларды су басудың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатыр.
Қала әкімі Әйтеке би көшесі, «Отбасы аллеясы» және Абай саябағының қазіргі санитарлық жағдайына бақылау жасады. Аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды тапсырды. Ғ.Сыздықбеков жауаптыларға көшелер, аулалар мен саябақтар таза әрі жинақы және азаматтар үшін қауіпсіз болуы керектігін ескертті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.