Шағынаудандардың шырайы кiредi Избранное

Среда, 17 Февраль 2016 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4732 раз

Инфрақұрылым – қаланың қан тамыры іспетті. Онсыз тіршілікті елестету мүмкін емес. Бұл ретте қала аумағына қосылған елді мекендерде, атап айтсақ Еңбекші ауданында жоспарлы жұмыстар жүзеге асуда.

timthumbТұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуде биыл ауданға қарасты «Ұлағат» және «Мирас» шағынаудандардағы су өткізгіш жүйелерінің құрылысы мамыр айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Гидролиз», «Еламан», «Мирас» шағынаудандарына газ құбырлары тартылып жатыр. Оның жұмыстарымен «СтройСатИнвест» ЖШС, «BES» ЖШС айналысуда. 2015 жылы басталған жобалар ағымдағы жылдың мамыр, маусым айларында аяқталып, толық пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ал «Гидролиз», «Варошиловка», «Чапаевка», «Оңтүстік» шағынаудандары кәріз жүйелеріне қосылу көзделіп отыр. Сонымен қатар, көшелердегі жарық мәселесі де шешімін таппақ. С. Рақымов, ИЧ167/10, МПС, Теміржол, Жастар, Техохрана және Застенная көшелері биыл жыл соңына дейін электр қуатымен қамтылады.

– Қазір шағынаудандарда инфрақұрылым жұмыстары жүріп жатыр. Ауыз су, газ желілерін тарту бағытындағы шаруалар жалғасуда. Бұл ауданның дамуын арттырады. Құрылыс жұмыстарының кестеге сай жүргізілуі тұрақты бақылауда болады, – дейді Еңбекші ауданының инфрақұрылым және көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрболат Тұртаев.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.