×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Субсидия көлемi қысқартылмайды Избранное

Пятница, 19 Февраль 2016 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3837 раз

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді

Несібесін жерден терген шаруалар үшін соңғы 5 жылда жанар жағар май мен тұқымға мемлекет тарапынан бөлінген қаржы көлемі 3 есеге ұлғайған. Бұл жөнінде Шымкент қаласына 2 күндік жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.


9kЖұмыс сапары барысында Асылжан Сарыбайұлы қаладағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске қосылған жылыжай кешендерінің жағдайымен танысып, ауыл шаруашылығын дамытуға ден қойған кәсіпкерлермен кездесті.
Алдымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Мәртөбе елді мекенінде жылыжай өнімдерін өндірумен айналысатын «ҚазАгроном» ЖШС-де болды. Аумағы 3 гектарды құрайтын жылыжай алқабының иесі Мұрат Гелашвилидің айтуынша, жылыжай жылына 400 тонна қияр, сонымен қатар, 800 тонна томат өнімдерін дайындауға негізделген. Жылыжайды іске қосу үшін кәсіпкер алғашқыда 237 миллион теңге қаржысын жұмсапты. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау есебінен қосымша 813 миллион теңге қаржы беріліпті. Қазіргі таңда мұнда қиярдың голландиялық 3 сұрпы өсіріледі. Дайын өнімдер Ресейдің Новосібір аймағына, еліміздің солтүстік облыстарына жөнелтіледі. Бұл бағытта мекеменің 50 жұмысшысы еңбек етуде. Серіктестік жетекшісі алдағы жылы жылыжай аумағын 9 гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтады. Дегенмен, дайын болған өнімге қойылған бастапқы баға еліміздің өзге өңірлеріне жеткенше құнын екі есеге дейін ұлғайтуы – салада бірқатар түйткілді мәселенің барын аңғартады. Өз кезегінде, бұл тұтынушыларға айтарлықтай қиындық туындатары сөзсіз.

– Оңтүстіктің шаруалары қиярды өсіріп, оны 400-420 теңгеден нарыққа шығарғанымен, еліміздің басқа аймақтарындағы оның саудалану бағасы 800-900 теңгенің айналасында болып отыр. Есептесек, қиярды республикамыздың өзге өңірлеріне апару шығыны көкөніс келісіне 20 теңгеден түседі. Онда неге баға қымбат? Себебі, арадағы делдалдар мен жол шығыны, бақылау бекеттеріндегі кедергілер, сонымен бірге, саудагерлердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы себеп болған. Ал бұл мәселелерді жалпы мемлекеттік органдар бірлесе шешуі қажет, – деді А. Мамытбеков.

DSC 0105Мұнан кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі «Ифтихари» шаруа қожалығында да болды. Аумағы 2 гектарды алып жатқан жобаның жалпы құны 500 миллион теңгені құрайды. Израил технологиясымен жабдықталған кешенде бүгінде жергілікті 30 тұрғын жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, Асылжан Мамытбеков «Rixos» қонақүйінің мәжіліс залында өңір шаруаларымен кездесті. Онда шаруашылық мамандарына саладағы жаңа өзгерістердің бағдары мен тиімділігін түсіндіре отырып, олардың түйткілді сауалдарына жауап берді. Өз кезегінде, министр бүгінгі жаһандық дағдарыс жағдайында да жанар жағармай мен тұқымға мемлекет тарапынан бөлінетін субсидия көлемі қысқартылмайтынын жеткізді.
– Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында ауылшаруашылығы, агросалаға мейлінше көп көңіл бөлінуде. Оның ішінде фермаларға жағдай жасау, ірі қара мал мен ұсақ малды өсіру жайы үлкен басымдыққа ие. Сонымен қатар, техникаға қажетті жанар жағармайдың жеңілдікпен ұсынылуы, мал шаруашылығында маңызды жайылым мен жем-шөп мәселелері де ел Үкіметінің назарындағы дүние. Яғни, мемлекет тарапынан сіздерге лайықты қолдау көрсетіледі. Енді тек егін жұмыстарына, жалпы дала еңбегіне білек сыбана кірісулеріңіз керек, – деп атап өтті министр.
Айта кетейік, соңғы жылдары облысымыздағы ауыл шаруашылығына озық технологиялық құрылғылар кеңінен енгізіліп келеді. Нәтижесінде, өңірде өткен жылы қосымша 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы көлемі 1025 гектарға жеткен. Бұл республикадағы көрсеткіш үлесінің 87 пайызын құрайды.