ПАРТИЯ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІН АШТЫ Избранное

Среда, 06 Апрель 2022 03:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 593 раз

Азаматтардың өтініштерін жедел және тиімді қарау мақсатында Amanat партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі 1000-нан астам қызметкері бар «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өз жұмысын бастады.

105

 

«Су ресурстары -Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласының экономикасын өркендетудегі, өндіріс саласындағы жақсы жетістіктерді, бағалы бастамаларды, тағылымды тәжірибелерді, индустриалды-инновациялық бағыттағы барлық технологияларды қолдап, оларды жүзеге асыруда, халықаралық стандарттарға сай қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары сапа көрсеткішін көрсетіп келеді.
Бұл аталған серіктестік арқылы жұмысшылар жұмыстан қол үзбей, өздерінің өзекті мәселелерін қалалық мәслихат депутаттарына, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне көкейтесті сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар ала алады.
Серіктестік жұмысшыларының жұмысы сумен жабдықтау және су бұру бойынша ең ірі қазақстандық оператор болғандықтан жаңа құрылыс мекен-жайларына ауыз су жүйесін жүргізу, техникалық құжаттарды рәсімдеу, су жүйесіндегі ақауларды, шығынды азайту бойынша және суға төлемақы мәселері бойынша ұсыныстар және барлық азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді.
Айта кетейік, партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі алдағы уақытта да қабылдауларды жүйелі түрде жүргізетін болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.