ВЕТЕРИНАРЛАР ЖАҢА ФОРМА ҮЛГІСІНЕ КӨШТІ Избранное

Среда, 06 Апрель 2022 03:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 910 раз

Шымкент қаласы «Ветеринарлық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты ветеринариялық дәрігерлердің форма үлгісі жаңартылды.

112

 

Аталған кәсіпорынның директоры Нұрсұлтан Зейнолланың айтуынша, жаңа бірегей форма қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде арнайы жасалған.
– Бұл жаңалықтың артықшылығы сол, форма үлгісіндегі «VetQyzmet» логотиптері мекеме мамандарын ақылы қызмет көрсететін жалған ветеринариялық дәрігерлерден ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, әрбір ветеринариялық дәрігердің кеудесіне бекітілген QR-кодты сканерлеу арқылы қызметкер мен мекеме жайлы толық ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар, тұрғындар ветеринариялық қызметке байланысты пікірлер мен ұсыныстарын онлайн режимде қалдыруға мүмкіндіктері бар, - деді Н.Зейнолла.
Өз кезегінде мекеме басшысы ветеринарлық қызмет жұмысына қатысты қалдырылған әрбір ұсыныс-пікірге кәсіпорын тарапынан жауап берілетінін және оның дер кезінде жүзеге асырылуы тікелей басшылыққа алынатынын жеткізді. Осылайша адамзаттың денсаулығына жауапты кәсіпорын ұжымы бәр жағынан сапалы қызмет арқылы қарапайым халықтың көңілінен шығуды мақсат тұтса, екіншіден, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ықпалын тигізуді көздейді.