Дін – ұстай алсаң қасиетің...

Пятница, 30 Март 2018 00:00 Автор
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі-облыстың бас мешіті жанындағы Ақылдастар алқасы мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арнаған ҮНДЕУІ Құрметті оңтүстікқазақстандықтар! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа…

Дін мен дәстүр бірізділігі

Среда, 28 Февраль 2018 04:14 Автор
Дін мен дәстүр сабақтастығын арттырып, қазақы мұсылмандық негізін нығайту. Той-томалақ пен діни рәсімдерді өткізуде ысырапқа жол бермеу. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің мұрындық болуымен өткен дөңгелек үстелде осы өзекті мәселе талқыланды. Облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғимаратында өткен ақылдастар алқасының кеңейтілген отырысына облыс әкімінің орынбасары…
Оңтүстік Қазақстан облысына жаңа өкіл имам тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің бұйрығымен Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы және облыстық орталық мешіттің бас имамы болып тағайындалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан…
Бүгінде дінді дұрыс түсінбеудің салдарынан жастар радикалдық ағымның соңынан кетіп жатыр. Бұл орайда Исламтанудың қазақстандық моделін қалыптастыруға көңіл бөлген жөн. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен «Исламның қазақстандық мектебін қалыптастырудың алғышарттары мен өзекті мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-теориялық конференцияда осы мәселелер айтылды. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында…
Барша мұсылман жұртшылығы күткен Мәуліт айы 20 қарашадан басталып кетті. Мәуліт – араб сөзі, қазақша «туған күн» деген мағына береді. Бұл атау Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі Мұхаммедтің (с.а.с.) дүниеге келген айының құрметіне берілген. Асыл дінімізде Мәуліт айының орны бөлек. Өйткені, бұл айда адамзаттың ардақтысы…

Төрт отбасыға үй салып берді

Пятница, 24 Ноябрь 2017 06:05 Автор
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі әрдайым жақсы істің бастамашысына айналған. Таяуда облыстық өкілдік пен «Зекет» қоры бірлесіп, облыс деңгейінде «Асар» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде тұратын жағдайы төмен, көп балалы алтын құрсақты 4 отбасыға тегін зәулім үй салынды. Жалпы, әрбір…
Бүгінде елімізде имамдар, қарилардың жетіспеушілігі – жиі айтылатын мәселе. Ауылдық жерлердегі мешіттерде имамдар, Рамазан айында хатым түсіретін қарилардың тапшылығы байқалып,  оларды Өзбекстан, Қырғызстан секілді көрші елдерден шақырып жататынымыз бар. Сонымен қатар, діни сауатсыздықтың салдарынан түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатқандар қатары көбейді. Қазір бұл мәселелер ақырындап…
Бүгінде мемлекетіміз дінді қатаңдату емес, ізгілендіру жолына бет бұрып жатыр. Дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға мән берілуде. Ол дегеніміз – адамның бір-біріне деген қарым-қатынасы, өз-өзін жетілдіруі, қазақы қалыбын сақтай білуі. Дін – тарих, дін – мәдениет, дін – дәстүр, дін – жаңғыру. Маусым айында бекітілген Қазақстан Республикасының…
Биыл қажылық сапарға еліміз бойынша 2500 азамат аттанады. Оның 800-і Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Бұл туралы «Абдул Хамид Каттани» мешітінің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлім болды. Дін өкілдерінің айтуынша, еліміздің қажыларын отандық «СКАТ» және «FlyNas» халықаралық әкекомпанияларымен тасымалдайды. Әуе көлігі Астана, Алматы және Шымкент қалалары…
Мұсылмандықтың бес парызының бірі – Меккеге қажылыққа бару сапары биыл тамыз айының 24-жұлдызында басталады. Бұл сапар үшін Қазақ Еліне 2500 квота бөлінген. Қазіргі таңда, Шымкент қаласында Орталық мешіт жанынан ашылған «Қажыларды оқыту орталығында» қажылық сапарын өтеуге ниетті жандар шілде айының алғашқы жұлдызынан бастап арнайы дәрістен…