«Ордабасы» Еуропа лигасына жолдама алды

Понедельник, 07 Ноябрь 2016 05:26 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4460 раз

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы келер жылы тағы да Еуропа лигасында өнер көрсетеді. Мұндай мүмкіндікке шымкенттіктер ел біріншілігінің соңғы турында Қажымұқан атындағы орталық стадионда «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңгеннен соң ие болды.

ordabasy

Айта кетейік, біріншіліктің соңғы тур ойынында Керекуде жергілікті «Ертіспен» кездесіп, 0:0 есебімен тең ойнаған «Астана» 73 ұпайымен үшінші мәрте қатарынан жеңімпаз атанды. Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан алматылық «Қайрат» 71 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Үшінші жүлде – «Ертіске» бұйырды. Олардың еншісінде – 49 ұпай. Ал «Ордабасы» 48 ұпаймен төрттікті түйіндеді. Бесінші орынға тұрақтаған «Оқжетпестің» еншісінде 45 ұпай бар.

Биылғы біріншіліктің сұрмергені ретінде «қайраттық» Жерар Гоу үздік шықты. Ол 22 доптың авторы ретінде танылып отыр. Ал турнир кестесінде соңғы орындарға тұрақтаған «Тараз» бен «Жетісу» келер маусымды төменгі лигада өткізбек. Олардың орнын қызылордалық «Қайсар» мен өскемендік «Алтай» командалары басатын болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Бекзат жаққан алау сөнбейді Ермек ерледі! »