«Жемқорлыққа жол жоқ»

Среда, 26 Июнь 2019 10:48

Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп ұрандатып, мінберлерден ауызымызды толтырып айқанымызбен, осының түп-тамырына қалай балта шабуға болады деген сауалға жауап іздеп жүргеніміз шамалы.  

Жемқорлық дертіне қалай душар болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда жетерлік. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы қағиданы  бұзбай  қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың  жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтануды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды.

Жеке тұлғаның адамгершілік санасының биіктігі оның алған тәлім-тәрбиесі, мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайтын өлшем болып табылады. Әрбір тұлғаның өзіне тән барлық адами  қасиеттері рухтан нәр алады. Ал жаман, жағымсыз қасиеттер нәпсінің көрінісі. Міне, осы себепті де біз жемқорлықпен күресті рухани сананы тазартудан бастасақ, әрбір адам нәпсінің тұтқындығынан босап, елі мен жеріне адал қызмет етер азаматқа айналар еді.

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің бас маманы

Казанкапова А

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлық – мемлекеттiң экономикасын күйретiп қана қоймай, билік өкілдері туралы терiс пiкiр туғызады. Жемқорлық ірі немесе ұсақ болып бөлінбейді. Жемқорлықтың аты- жемқорлық. Сол үшiн жемқорлықпен күрес науқандық шара болмауы керек. Сондай-ақ, ол тек құзырлы мекемелердiң ғана мiндетiне жатпайды. Онымен бүкiл қоғам болып күрескенде ғана оң нәтижеге жетуге болады. Жемқорлықпен күрес жөнiндегi нақты, әрi кешендi шараларды жүргiзу мәлiметтермен алмасу, сыбайлас жемқорлық әрекеттерiнiң алдын алу үшiн бiрлескен түрде жұмыс iстеу, насихат жұмысына ден қойып, баспасөз құралдарымен тығыз байланыста болу өз нәтижесiн бермек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің бас маманы

Абдикаримова М

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күндегі үлкен мәселелерінің бірі болып отыр. Жемқорлықпен күрестің өзі қауіпті әлеуметтік құбылыспен күрес болып табылады. Осыған орай, билік органдары жүйесінде қатаң ішкі құрылымдық бақылау жүргізу өте орынды. Жалпыға белгілі жағдай, жемқорлықты тудыратын тек Қазақстанға ғана қатысты емес, жаңғырту жолындағы әсіресе орталықтанған жүйеден нарықтық экономикаға көшуді бастан өткеріп отырған елдерге де қатысты мәселелер жатады.

«Жемқорлық —  індет, жою — міндет». Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп  бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Сыбайлас жемқорлық — ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс.

     Еңбекші ауданы бойынша МКБ да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, онымен күресу бағытында тиісті шараларды жүзеге асырып отыр. Сонымен-қатар Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің бас маманы

Калышова Г

ХХІ ғасырдың дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында елімізде «Қылмыстық кодекске», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және басқа да заңдық нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Олар мүмкіндігінше өз нәтижесін беруде. Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес барлық ұйымдарда арнайы жоспар құрылып, түрлі шаралар жүргізілуде. Бұл жүргізіліп отырған шаралар мемлекетіміздің жемқорлыққа қарсы саясатының орындалуына өз үлесін тигізіп келеді. 2015 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі болып қайта құрылғаны белгілі. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның әр облыста департаменттері бар.

Жемқорлықпен күрес кез келген қоғам үшін әрқашан өзекті әрі ғаламдық  мәселе. Ал онымен күрестің тиімділігін арттыру кез келген мемлекеттің болашағы үшін стратегиялық мәнге ие. Әсіресе, бұл серпінді дамып келе жатқан және бәсекеге қабілетті әлем елдерінің қатарына кіруді мақсат етіп отырған біздің  еліміз үшін өте маңызды.

 

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің бас маманы

Мамаева Г

Сыбайлас - жемқорлық  мемлекеттік  құрылымдардың  экономика  аясында  қылмысты  құрылымдармен  біте  қайнасуы,  сондай – ақ  мемлекеттегі  лауазымды  адамдардың,  қоғамдық  және  саяси  қайраткерлердің  сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де зор нұқсан келтіріп отыр.

Жемқорлықпен күресті әр ел әртүрлі тәсілді пайдаланып жүргізеді.  Бірі заңының мықтылығына, жазаның қаталдығына иек артса, енді бір ел жемқорлыққа жол бермеу үшін мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талапты көтеріп, олардың жалақысын жоғарылатуды жөн санайды. Тағы бір елдер сыбайластыққа жол бермеудің жолы құқықтық түсіндіру, кеселдің алдын алу деп біледі. Қазақстан жас мемлекет болғандықтан, дамыған елдердің жемқорлыққа қарсы қолданған тәжірибесінің барлығын зерделеп, артық-кемін саралап, өз қызметтерінде қолдануға тырысуда.

Еңбекші ауданы бойынша

МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты

технологиялар бөлімінің басшысы

Джандарбекова Г.И.

Өскеменге саяхат

Среда, 26 Июнь 2019 10:42

 1

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының оқушылары арасында патриоттықты қалыптастыру және зерттеушілік дағдыларын терең дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы бойынша 2019 жылдың 17-23 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шаңырақтар қауымдастығы арасындағы жарыста жолдаманы ұтып алған 12 оқушымыз қатысты.

Өлкетанулық-зерттеу эскпедициясының бастамасында-ақ Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары ерекше күтіп алулары, ерекше ықыластарымен сапардың қызықты да маңызды болатынын аңғартқандай.

Сапарымыздың екінші күнін Өскемен қаласында орналасқан машина саласының көшбасшысы атанып отырған «Азия-Авто» көлік құрастыру зауытының жұмысымен танысудан бастадық. Зауыт қызметкерлері жасайтын барлық жұмыстарының қыр-сырларымен танысты. Ерекше заманауи құралдармен жабдықталған әрбір сатылы жұмыстары ерекше әсер қалдырды. Ең ұнағаны, отандық машина индустриясының енді қалыптасып келе жатқандығын, болашаққа қойып отырған стратегиялық жоспарлары саланың дамып келе жатқандығында болды. Аталған өлкетанулық-зерттеу экспедициясы аясында түрлі мұражайлар мен өндіріс орындарымен таныстық. Білімге құштар жасқа саяхаттың ұнағаны сөзсіз. Қызығушылығы бар оқушылардың біздің қалада кездесетін мәселені шешу үшін болашақта жұмыс жасаймыз деген ниеттерінен байқалды.

 

 

Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі,

Жарасбек Спабеков 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы эвакуациялық пункте болды

ҚР Президенті төтенше жағдай болған аймақтан көшірілген тұрғындарды орналастыру жұмыстарының барысымен танысты.

004-1

Қ.Тоқаев қауіпсіз жерлерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарын ыстық тамақпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, басқа да барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігі мен олардың дүние-мүліктерінің сақталуын бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Ішкі істер министрлігіне, әсіресе балаларға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

– Осы тәртіппен жұмысты жалғастырыңыздар. Үкіметке қалаға және оның тұрғындарына көмектесу туралы тапсырма берілді. Қазір біз ең бірінші кезекте адамдардың, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Екінші – көрсетілетін көмектер. Арнайы қор құрылды. Арысқа бүкіл Қазақстан көмектеседі. Мен халықпен жұмыс істеп жатқан қаланың жұртшылығына, ардагерлерге ризашылығымды білдіремін. Жарылыстың себептерін анықтау қажет.

Қылмыстық іс қозғалды, тергеу-тексеру басталды. Егер кінәлілер болса, олар заңмен қатаң жазаланады. Алдағы уақытта Арыс жарылғыш құрылғылардың барлығынан тазартылуы тиіс, - деді Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев өрт пен оқ-дәрілердің жарылыс болған жерлерді қалпына келтіру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы бұдан кейін Арыс қаласын аралап шықты. Қаланы қарау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді.
Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.

Шұғыл сапарының соңында Қазақстан Президенті Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханаға барып, Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің көңілін сұрады. Дәрігерлер Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай аймағында медициналық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан
Президенті зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен аман-есен қауышуына тілектестік білдірді.

Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған көкейтесті мәселелердің бірі – кәмелетке толмаған жастар арасындағы қылмыс. Өйткені, жастар арасындағы құқық бұзушылық азаймай отыр. Бұған дәлел құқық қорғау органдарының жасаған статистикалық мәліметтері.

 Досалиев

Осындай өткір мәселеге байланысты Шымкент қаласында ХДП «Ауыл» партиясы филиалы жетекшілерінің бастамасымен үлкен жиын өтті. Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қызу талқыға түскен жиынға сот өкілдері, құқық қорғау органдарының жауапты қызметкерлері, білім саласының мамандары және қаланың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері қатысты.

Жалпы, кәмелет жасына толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды саралап көрейік.
Елімізге шетелдерден интернет желілері арқылы келіп жатқан теріс бағыттағы ақпараттар, сан қилы жарнамалар, күнделікті теледидардан көрсетіліп жатқан, жастардың санасын бала кезінен соғысқа, жауыздыққа, қаныпезерлікке және ұятсыздыққа итермелейтін шетелдік мультфильмдерден бастап кинофильмдерге, түрлі компьютерлік ойындарға, ақпарат желілері арқылы діни экстремизмнің қоғамға еніп-таралуына тосқауыл қойылмауы сыртқы факторларға жатады.

Айталық, көрші Қытайда зорлық-зомбылық, тонау, кісі өлтіру сипатындағы шетелдік фильмдер мүлде көрсетілмейді.

Ал ішкі факторларды негізінен беске бөліп қарастырған жөн, олар:

Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер;
Психологиялық факторларға баладағы психопотологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы және т.б. жатады.

Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде туындайтын, баланың оқудағы үлгермеуіне байланысты факторлар. Мұндай балалар, көбінесе, мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтын балалар.

Бұдан басқа, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіздігі де кері әсер етеді. Жеткілікті болғанның өзінде, көбіне тәрбиенің дұрыс берілмеуі де бар.
Жастар табиғатынан еліктегіш болып келеді.

Өз тілін, ділін, тарихы мен мәдениетін білмейтін бала қалай ұлттың ұлы бола алады? Салт-дәстүрді дұрыс түсінбесе ше? Жастардың бұл жерде қандай кінәсі бар? Оған, біріншіден, атасы мен апасы, әкесі мен шешесі, өскен ортасы кінәлі.

Көп жағдайда ата-аналар мектепті кінәлауға бейім тұрады. Ұстаз балаға адам бол деп ұрысса да кінәлі болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, халықтың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б. Көп балалы, жартылай отбасы мен толықтай отбасы арасындағы әлеуметтік теңсіздік те баланың тағдырына, тіпті ойлау жүйесіне әсер ететіні белгілі.

Өркениетті мемлекетте оқушыларға бірыңғай киім (форма) кигізеді. Өйткені, онда әр түрлі деңгейдегі отбасының балалары оқиды. Бірақ, олар білім алып отырған ортада, психологиясы қалыптасу кезеңінде бір-бірінен өзгеше болмауы қажет. Яғни, әлеуметтік теңсіздік көп жағдайларға себеп болады.

Бізде көп балалы, жартылай отбасыларының әлеуметтік- экономикалық жағдайларының төмендігі, кешегі күнге дейін мемлекет тарапынан өз деңгейінде ескерілмей, көңілден тысқары қалып келгені ащы да болса шындық. Осыған байланысты 2019 жылдың 27 ақпанында «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Елбасы үкіметке, көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін өсіруді тапсырды.

Моральды-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Дегенмен, бұл мәселеге тереңірек қарау қажет. Негізінен, салдарына емес, себебіне тереңірек үңілген дұрыс.

Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнамалар аз емес. Атап айтсақ, бұл ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, ҚР Қылмыстық кодекстері, «Неке және отбасы туралы», «Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Еңбек туралы», «ҚР арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңдары және тағы да басқа көптеген заңнамалық актілер бар.

Рас, мемлекетімізде жастардың құқық бұзушылықтарының алдын алуға байланысты қабылданған заңдар жетерлік, бірақ, өкініштісі сол, ол заңдарды барлық жастар біле бермейді. Осындайда «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағида еріксіз еске түседі. Дей тұрғанмен, жаңа заман жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей.

Қорыта айтқанда «Ауыл» халықтық патриоттар партиясының отырысында кәмелетке толмаған жастар арасында құқық бұзушылықтың негізгі себептері анықталып, оны шешудің төмендегі жолдары ұсынылды.
Біріншіден, мемлекеттік идеологияның аясында жастар мәселесіне көбірек көңіл бөлу, оның жүйелілігін арттыру.

Екіншіден, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту, жастардың психологиясына, дүниетанымына ықпал ететін әлеуметтік желілердегі ақпараттарға шектеу жасау.

Үшіншіден, отбасындағы тәлім-тәрбиені күшейту, ұлттық құндылықтарға аса көңіл бөлу, патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар ата-ананың ұрпақ тәрбиелеуде жауапкершілігін арттыру, ауыл-қаладарда мәдени орындар мен спорт кешендерін көбейту және олардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Сондықтан, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың салдарына ғана емес, себебіне тереңірек үңілген жөн. Оларды анықтап, жойып, болашақ жас ұрпақтың бойына ата-бабамыздан келе жатқан қазақи ұлттық тәрбиені, салт-дәстүрімізді сіңіре отырып, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы қалыптастыру арқылы әрбір жасқа қоғамнан өз орындарын табуға көмектесу – баршамыздың міндетіміз.

Қанатбек Досалиев,
М.Өтебаев атындағы жоғары
жаңа
технологиялар
колледжініңдиректоры, з.ғ.д.,

профессор

Страница 5 из 323