Қымыз тойы – қымызмұрындық

Пятница, 14 Июнь 2019 05:37

Қымызмұрындық – ел жайлауға шыққанда, жазғытұрым аталып өтетін қымыз тойы. Бұл мейрамды шартты түрде екі түрге бөлуге болады.

Қымызмұрындық

Бірінші – бие байлар. Ел жайлауға көшкен соң сауылатын биелерді бөле бастайды. Ауыл ақсақалдары өзара кеңесіп, бұл іске ерекше ден қояды, желілерді тартқыздырады, асау биелерді ұстау үшін мықты жігіттер дайындайды. Сабалар мен көнектерді әйелдер әбден жуып, желіге кептіріп қояды. Жігіттер желінің жібін тартып, қазықтарын қағып, тоқпақтарын сайлайды.

Бүкіл ауыл адамдары желінің басына жиналады. Жылқышылар құлынды биелерді айдап әкеледі, дайын тұрған жігіттер құлындарды ұстап желіге байлай бастайды. Құлындарды байлап болған соң, әйелдер мен қыздар желі басына піскен ет, құрт, ірімшік тағы басқа тағамдар әкеледі. Барлығы отырып тамақ ішеді. «Байлар көбейсін!» деп тілектер айтылады. Желіге, айғырдың жалы мен сауырына сары май жағады. Мұны «бие байлар» деп атайды.

Бие байлардан соң қымыз ашыту басталады. Ашытқысы барлар күнделікті саумалды бір-біріне қоса отырып, қымызмұрындыққа дайындайды. Ашытқыны «ұйытқы» немесе «қор» деп атайды. Ашытқысы жоқтар қымызы ашыған үйлерге келіп, піспекке ақ мата байлап, «Тілегім де, көңілім де ақ» деп сабадан керегінше құйып алады. Сабаның түбіне тас тастайды. Кейбір байлар қымыз тәтті болады деп сабаның түбіне желін жамбы тастаған.

Жылқының сүтін аяқпен басуға болмайды, сүтті итке құйса, қымыз ірігіш болады дейді. Бұзылған бие сүтін жылқылардың арасына апарып құйып тастайтын. Сабадағы қымыз іри берсе, аршамен аластаған немесе отқа тұз салған. Тостағанның түбінде қалған қымызды ешқашан жерге құюға болмайды.

Қымызға арналған бата Қамбар атадан басталады. Әр үйде дайындалған қымыздың және тойдың қымызының басын әйелдер ішеді. Мерекенің қымызын сол ауылға, елге, руға қадірлі әйел адам – бәйбіше, әже ішіп бастайды.
Қымыз тойының ерекшелігі сол – бұрынғы кезде ру, ел басылары аса құрметті қонақ келсе, соған арнап қымызмұрындық жасап, ат бәйгесін өткізіп қарсы алған.

Дана Мамекова,
әдеп-ғұрып және салт-дәстүр
орталығының ғылыми
қызметкері

Жастармен жарқын жүздесу

Пятница, 14 Июнь 2019 05:21

Жуырда Әл-Фараби ауданының әкімдігі мемлекеттік қызметте тағылымды тәжірибе жинақтаған, жастарға айтары бар, бір мемлекеттік органда 30 жылға жуық қоян-қолтық бірге қызмет атқарған әріптесім Ұлдана Әзімова екеумізді кездесуге шақырды.

Жастармен жүздесу

Аудандық әкімдіктің ғимаратының табалдырығын аттаған сәттен ерекше бір толғанысқа түсіп, бойымды ыстық леп шарпып өткендей күйге түстім. Қалай толқымассың? Бұл ғимарат Шымкент қалалық әкімдігінің бұрынғы орны ғой. Осы жерде 30 жылға жуық уақыт бойы тапжылмай еңбек етіп, сол жылдарда қаланы басқарған 11 әкіммен қызметтес болыппын.

Екі сағатқа жуық созылған ықыласты кездесу екі минуттай болмай өте шықты. Жас мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сан алуан сұрақтарға жауап іздей отырып, әріптесім екеуміз жылдар тасасында қалған өмір белестерінен қайта жүріп өткендей болдық.

Кездесу тізгінін өз қолына алған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы әр ойын халқымыздың мағыналы мақал-мәтелдерімен көмкеріп, қызықты әңгіме өрбітті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптасқан мемлекеттік қызметтің қиындықтары мен бүгінгі заманғы озық технологияны меңгерген мемлекеттік қызметшілердің қызметін салыстыра отырып, талдап берді.

Иә, мемлекеттік қызметтің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі сонау 90-жылдарда уақытпен санаспай, қала өмірінің қай саласы болсын белсене кірісіп, берілген тапсырманы уақытылы орындауға ұмтылдық. Әрине, оңай болған жоқ, бірақ, біз жеке бас мүддесінен өзіңе деген сенімді жоғары қойып, қызметтің жауапкершілігі мен отбасылық өмірдің тіршілігін үйлестіре білдік.

Мемлекеттік қызметтің жас адамды қалыптастыруда берер өнегесі көп. Бұл тұрғыда өз тәжірибемізден айтуға болады. Бұл саланың жауапкершілігі мол екені рас. Жастарға айтарымыз – жалындап, жігер-күшің тасып тұрған уақытта қандай да болсын қиындықтан қашпау керек. Қайта мемлекеттік қызмет адамды жан-жақты жетілдіріп, өзіңді шыңдап, өмірде табанды болуға үйретеді.

Мемлекеттік қызметші – билік пен халықты байланыстыратын көпір, халық қызметшісі болғандықтан, осынау қасиеттерді мемлекеттік қызметке кірген әр жас жете ұғынуға тиіс.
Ауданы әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілердің негізгі буыны жастар екен. Біз жалындап тұрған қыз-жігіттердің өрелі ойларына, мағыналы сауалдарына риза болып, келелі әңгімеден кейін қимай қоштастық...

Алма Смағұлова,
мемлекеттік қызмет ардагері

Оң іске бастар он бағыт

Пятница, 14 Июнь 2019 05:12

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі

017

Аса қадірлі Елбасы!
Құрметті отандастар!

Ең алдымен, маған зор сенім артып, қолдау көрсеткен барша Қазақстан халқына алғыс айтамын!
Бұл сайлау, шын мәнінде, демократия талаптарына сай өтті. Сайлау алаңында, нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігі болды.
Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды.

«Сайлау – бұл қатысушылардың пікірі ғана жеңіске жететін жарыс», дейді. Расында, әділ пікір.
Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан, бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі! Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық.

9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі – Біз үшін өте маңызды! Өйткені, халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз. Сондықтан, Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді:

Еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін!
Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін.

Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету.
Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз – бір!

Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!

Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді!

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті.

Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектер келіп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: Елбасымыздың жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту.
Шын мәнінде, халықтың Дәл осындай өтініш-тілек айтуы – заңды, орынды. Себебі, қазіргі дамыған Қазақстан – бұл, ең алдымен, Елбасының арқасы.

Елбасы – қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Ол жаһандық деңгейдегі мемлекет қайраткері. Әлем тарихына дәл осылай жазылды.
Елбасының халқымыз үшін және әлем қауымдастығы үшін сіңірген орасан зор еңбегін Әрқашан құрметтеу – бәрімізге ортақ парыз.

Дорогие сограждане!

В ходе выборной кампании я посетил большинство регионов страны.
Моя политическая платформа – это ответ на главные запросы наших граждан.

Прежде всего, я буду работать над реализацией Третьей модернизации Казахстана, претворением в жизнь Пяти институциональных реформ и других важнейших стратегических документов нашего государства. Другими словами, я буду работать над реализацией Стратегии Елбасы.

Чтобы страна смогла выйти на новый уровень устойчивого развития, нужны новые подходы и новые решения. Они в скором времени будут обнародованы.
Во-вторых, планирую конкретно заняться решением острых социальных проблем, оказанием помощи наиболее нуждающимся.

Правительству поручено подготовить меры для достижения ощутимых результатов в этой сфере. Нам нужно серьезно обновить социальную политику.
В-третьих. Буду поддерживать казахстанских предпринимателей, привлекать и защищать инвестиции, стимулировать деловую активность, формировать широкий средний класс.

В-четвертых. Моя цель – обеспечить единство общества и защищать права каждого гражданина.
И, наконец, главное. Всегда и везде буду отстаивать национальные интересы Казахстана.

Сегодня мир вступил в эпоху стремительных перемен. Меняются технологии, экономика и социальный порядок. Меняется мировоззрение людей, особенно молодежи.
Перед Казахстаном встают новые вызовы и угрозы. Многие годы занимаясь международной политикой, я ощущаю наступление новой эпохи.

Торговые войны, напряжение в международных отношениях, слом прежних механизмов безопасности, рост региональных конфликтов – все это новая геополитическая реальность.
В предстоящие несколько лет будет решен главный вопрос современности: какие страны сумеют встроиться в прогресс, а кто окажется на обочине мирового развития.
Экономический, социальный и политический прогресс – это наш единственно правильный ответ на вызовы современности.

Мы открыты миру, стремимся к лучшим достижениям, передовым технологиям. Созидательные перемены на благо людей – вот мое понимание прогресса. При этом, власть обязана слышать запросы людей, решать проблемы на местах, регулярно отчитываться перед гражданами.

Не обещать, а делать! Такого правила должны придерживаться все члены Правительства и акимы.
Для меня как Президента самым важным являются не общие цифры экономического развития, а реальное благосостояние всех наших граждан. Поэтому при принятии решений по стратегическим вопросам позиция большинства населения будет безусловно учитываться.

Наша формула государственной власти: сильный, полномочный Президент – влиятельный, дееспособный Парламент – подотчетное народу Правительство.
Именно такая политическая система наиболее полно соответствует потребностям нашего государства в сложных геополитических реалиях, способствует выполнению стоящих перед нами стратегических задач.

В то же время процесс политической трансформации общества будет продолжаться. Политическая надстройка должна соответствовать глубоким экономическим преобразованиям, в противном случае может произойти торможение реформ. Об этом убедительно говорит мировой опыт.

В систему государственного управления должны приходить только достойные, образованные люди на основе меритократии. Другого принципа подбора кадров быть не может.
В целом, нам предстоит повысить ответственность власти перед народом. Особое внимание будет уделено развитию гражданского общества.

Қадірлі қауым!

Менің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарым – бұл үлкен міндеттің алдындағы халықпен кеңесу болды.
2019 жылдың 13 мамырында #BIRGE жалпыхалықтық акциясы басталды. Оның басты мақсаты – ел дамуындағы ең маңызды міндеттерді анықтау.

Қазақстанның барлық аймақтарынан түрлі ұсыныстар жиналды. Бүгінге дейін 540 мыңға жуық ұсыныс-тілек келіп түсті. #BIRGE акциясына қатысып, азаматтық белсенділік танытқан барша халыққа шын жүректен алғысымды білдіремін.

Енді біз қоғамдағы өзекті мәселелерді айқын көріп отырмыз. Оның шешу жолдарын білеміз.
Бүгін халықты, ең алдымен, не мазалайды?

Ең бірінші, азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді.
Халықты толғандырып отырған басты мәселе – табыс көлемінің азаюы. Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің девальвациясы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматтарымыз банктен несие алуға мәжбүр болды.

Табысы жоғары және төмен азаматтардың арасындағы алшақтық – біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар, дегенмен тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан дәл осы өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселені шешу үшін ортамерзімді кешенді шаралар қабылдау қажет.

Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл хәлі – көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа Экологиялық кодекс қабылдау керек.
Келесі өзекті мәселе – халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет.

Тағы бір маңызды, халықты мазалайтын мәселе. Бұл – жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту – біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі.
Масштабной задачей в реалиях XXI века является цифровизация. Она должна затронуть все сферы жизни: от оказания государственных услуг до создания новых отраслей экономики будущего.

Развитие страны, включая политический прогресс, прямо связан с цифровизацией. Она качественно изменит содержание отношений между государством и обществом.
Поэтому утвержденная Елбасы государственная программа «Цифровой Казахстан» должна быть исполнена.

Наших граждан сильно волнует развитие диалога власти и общества. Такой диалог должен строиться на признании плюрализма мнений. Разные мнения, но единая нация. Вот главный ориентир.
Поэтому я решил создать Национальный Совет общественного доверия. В Совет войдут представители всего общества, включая молодежь. Первое совещание Национального Совета общественного доверия будет проведено в августе этого года.

Власть обязана выполнять свои обещания перед народом. В этом заключается ее главная миссия. Только так можно укрепить единство нации и стабильность в стране.
Поэтому будет разработан предметный План реализации моей предвыборной Платформы. Лучшие идеи, предложения от народа найдут свое отражение в этом документе.
Келесі маңызды бағыттарға баса мән беруіміз керек.

Бірінші бағыт.
Халықтың табысын арттыру.

Тұрақты және қарқынды экономикалық өсім арқылы ғана бұл мәселені шешуге болады.
Ең алдымен, өсім бізге не үшін қажет екенін терең түсінуіміз керек. Азаматтарымыз өз елінде алаңсыз өмір сүріп, еңбек етіп, ұрпағын тәрбиелеп, халқымыздың жетістіктеріне бірге қуанып, мақтан тұту үшін экономикалық өсім болуы тиіс.

Таяу арада Үкіметтің кеңейтілген отырысында біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты міндеттерді айқындаймыз.

Екінші бағыт.
Сыбайлас жемқорлықты жою.

Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз.

Үшінші бағыт.
Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау.

Сот – заң үстемдігінің кепілі. Сондықтан судьялар жоғары кәсіби және адамгершілік талаптарына сай болуы – бұл үлкен міндет. Судьялар мен осы қызметке үміткерлерді бағалау және іріктеу жүйесін қатаңдату керек.
Сот – әділдіктің соңғы шегі болуы тиіс. Құқық қорғау жүйесінің басты міндеті – халықтың сеніміне ие болу.

Төртінші бағыт.

Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл – стратегиялық маңызды дүние.
Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет.

Бесінші бағыт.

Тұрғын үй мәселесін шешу. Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын.
Біздің алдымызда Бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтау міндеті тұр. Үкімет осы бағытта нақты шаралар қабылдайды.

Алтыншы бағыт.
Әділетті әлеуметтік саясат.

Біз адам капиталын дамыту саясатын жалғастырамыз. Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет?

Жаппай білім беруді қолдау. Барлық тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету.

Бұл мәселелер бойынша біздің тұтас бағыт-бағдарымыз бар. Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз.

Жетінші бағыт.
Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары.

Біздің қағидамыз баршаңызға мәлім: Қуатты аймақтар – Қуатты Қазақстан.
Азаматтарымызды толғандырған нақты мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Аймақтағы қордаланған мәселелерді шешуге халық белсене араласатын болады.

Сегізінші бағыт.

«Рухани жаңғыру» құндылықтары біздің басты рухани бағдарымыз болып қала береді.
Тарихқа құрметпен қарау, Отанға адал болу, ғылым-білімге деген ұмтылыс – мұның барлығы біздің халқымыздың бойындағы асыл қасиеттер.

Бұл қасиеттер біздің халқымыздың бірлігін және ұлтымыздың жасампаздығын нығайтады, бәсекеге қабілетті ел болуға жол ашады.
Қазақстанды болашаққа бастайтын - жастар. Сондықтан бұл бағдарламаны жас ұрпақты тәрбиелеуге бағыттауымыз қажет.

Девятое.
Внешняя политика.

Казахстан завоевал большой авторитет в мире, утвердил себя как миролюбивая, открытая страна, надежный и ответственный партнер в международных делах.
Мы продолжим конструктивный, сбалансированный, многовекторный внешнеполитический курс. Будем твердо продвигать и отстаивать национальные интересы на мировой арене.

Внешнеполитическая деятельность страны будет приносить конкретные выгоды стране, национальному бизнесу, каждому гражданину.

Десятое.

Особо хочу обратиться к молодому поколению. Вам предстоит сыграть решающую роль в развитии Казахстана, стать движущей силой прогресса.
Елбасы объявил 2019 год Годом молодежи. Начал работать специальный проект «Жастар – ел тірегі».

Мы реализуем программу развития бизнес-инициатив молодежи «Жас кәсіпкер», будем поддерживать молодежные стартапы. Внедрим программы трудоустройства молодежи.
Моя задача – создать все возможности, чтобы вы реализовали свою самую большую мечту и создали свою личную «историю успеха».

Для продвижения молодых талантливых управленцев на все уровни государственной службы будет сформирован «Президентский кадровый резерв».
Наша молодежь целеустремленная, трудолюбивая, креативная, поэтому будущее Казахстана в надежных руках.

Қымбатты отандастар!

Алдымызда ауқымды жалпыхалықтық міндеттер тұр.
Мақсатымыз – айқын, жолымыз – ашық!

Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналды.
Оның игілігін жастар мен келешек ұрпақ көреді.

Біз бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халықпыз.
Бұл – біздің күш-қуатымыздың діңгегі.

Біз алдымыздағы барлық қиындықтарды бірге еңсереміз.
Біз қуатты әрі гүлденген Қазақстанның өркендеуі үшін Бірге еңбек етеміз.

Антқа адал болу, сертке берік болу – менің халық алдындағы парызым.
Қазақстанның жарқын болашағы үшін, халық үшін аянбай еңбек етуге серт беремін.

Баршаңызға амандық, құт-береке тілеймін.
Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда Ұлттық қоғамдық кеңес құрылды. Осыған орай бірқатар сарапшылар өз ойларымен бөлісуде.

019

Кеңес билік пен қоғамның түрлі өкілдері арасындағы жаңа диалог алаңына айналуы тиіс. «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы Кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев осылай деп санайды.

– Мемлекет басшысы бұл ұсыныс туралы екі рет айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес туралы алдымен өзінің сайлауалды бағдарламасында айтты және Президент қызметіне ресми кірісу рәсімінде қайталады. Мұндағы негізгі мақсат - билік пен қоғамның түрлі өкілдері арасындағы жаңа коммуникациялық алаң құру.

9 маусым күні өткен сайлау нәтижесі қоғам өкілдерінің Президенттікке үміткерлерге қоятын сұрақтары мен күтер үміті аз емес екенін көрсетті. Сондықтан да халықпен нақты, анық әрі ашық диалог құра білу керек. ҚР Президенті осы орайда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, жан-жақты қамтуды ұсынып отыр, – дейді Мұхтар Манкеев.

Сарапшының айтуынша, ендігі негізгі мәселе – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамында болып отыр.

– Ендігі мәселе, маңызды тұс – Кеңес құрамына кімдер шақырылады. Кез келген алаңды құру қиын емес, дегенмен, онда қоғамға пайдалы идеяларды объективті, нақты айтып, соны жүзеге асыру жолдарын ұсына алатын адамдар болуы керек. Кеңес құрамында тек сөзімен ғана емес, ісімен де қоғамға пайда келтіретін адамдар енеді. Ашық, нақты диалог құрылуы өте маңызды.

Дегенмен, біз Тоқаев мырзаның тәжірибесі мол дипломат ретінде осынау диалог алаңын құрып, оны сәтті жүзеге асыра алатынына сенімдіміз, – деп қорытты Мұхтар Манкеев.

Өткен ғасыр халқымыз үшін үміт пен күдігі басым, үйлесімінен қайшылығы мол, әртүрлі деңгейде және әрқилы мақсатты көздеген мәнді де мәнсіз күрестерге тола аса күрделі кезең болды. Халқымыздың басына түскен ауыр азаптың бірі Кеңес заманындағы ашаршылық пен босқыншылық, жаппай саяси-қуғын сүргін кезеңі болды.

обл архив суреті

Сол кезеңде жеке басқа табынушылық жайлаған Кеңес үкіметі ұлт зиялыларын қудалап, көздерін жою саясатын ұстанды және оны асқан қатыгездікпен жүзеге де асырды. Ел үшін туған ерлерді түрмеге қамады, ату мен асу арқылы халықтың үрейін алды, бастарына қайғы-қасырет төндірді. Сталиндік саясаттың салдарынан жүздеген отбасының шаңырағы шайқалып, әйелдер жесір, балалар жетім қалды.

Әкелері ұсталып, жер аударылып, аналары лагерге жіберілді, ал ұрпақтары балалар үйіне орналастырылды. Кеңестік идеологияға қарсы шығып, тәуелсіз ұлттық мемлекет құруды мақсат тұтқан ұлт зиялылары жаңа өкімет тарапынан өздеріне деген сенімсіздік пен суық қабақты сезіне жүрсе де, халқының ертеңі үшін ұлт тағдырына бей-жай қарай алған жоқ.

Осы бір аласапыран кезеңде қазақ қоғамында қалыптасқан жергілікті ұлт зиялыларының ой-арманы мемлекет саясатымен қабысапса да алдарына қойған мақсаттары біреу болды – ол қалайда халқына, ұлтына қызмет ету еді.
Осы мақсатта ардагер азаматтарымыз барлық идеялық тартысты тоқтатып, бір арнадан табылып, жұмыла жұдырық болып, қиын-қыстау кезеңде бір-біріне сүйеу бола білді.

Ғұмырын халқына арнаған, жүрегі халқым деп соққан асылдар заманның әділетсіз, қасіретті кезеңінде де ел үшін қызмет жасаудан аянбады.

Шымкент қалалық қуғын-сүргін құрбандары музейі мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві бірге 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Шыңыраудан шыңға самғаған тұлға» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға ОҚМПУ оқу ісі жөніндері проректоры, тарих ғылымының кандидаты, доцент Исабекова Баршагүл Қашқынқызы, ОҚПУ-нің тарих ғ.к., доценті Алдаберген Мүсілім және тарих факультетінің оқытушысы Бахадүр Айтай, тарихи-өлкетану музейі филиалының Тұрар Рысқұлов атындағы музей меңгерушісі Махмұтов Лесбек, ОҚМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тәжімұқанова Нағима және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

Кешке қатысушылар 1930-1938 жылдары болған саяси қуғын-сүргін саясатының кесірінен жазықсыз түрмеге қамалып, «ұлтшыл» немесе «халық жауы» деп қудаланған асыл азаматтар еске алынды, олардың өмірі мен қызметі туралы насихатталды, тек зерттеушілер мен ғалымдар үшін ғана емес, архив қорын пайдалануға ниет білдірген азаматтарға сол бір қиын-қыстау кезеңдер жайындағы құндылықтар ұсынылды.

Сонымен қатар, Тұрар Рысқұловқа қатысты «Өмір жолы» атты қысқа метражды көркем фильм көрсетіліп, қосымша мәліметтер айтылды.

Айта кетейік, қызыл қырғынды басынан өткерген бұрынғы Шымкент облысынан саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 14 азаматтың құжаттары облыстық мемлекеттік архивтің қорында сақтауды. Олар:

1) Алтынбеков Дүйсенбай, 1890 жылы бүгінгі Шымкент облысы, Қызылқұм ауданы, Арыс совхозында өмірге келген. 1937 жылы 24 желтоқсанда «халық жауы» деген жалған атпен жазықсыз құрбан болды.

2) Отарбаев Тәңірберген, 1893 жылы Шымкенттің Қатынкөпір аймағында дүниеге келген. 1938 жылы «халық жауы» деген қара таңба басылып, жаладан мерт болды.

3) Сабыр Айтхожин, 1885 жылы Көкшетау уезіндегі Ақмола губерниясында өмірге келген. 1937 жылы қазан айында тұтқынға алынды. 1938 жылдың 19 ақпанында ССР жоғары сот әскери кеңесінің үкімімен Шымкент қаласында атылды. 1957 жылдың желтоқсанында өлгеннен кейін ақталды.

4) Елеукенов Балабай, 1902 жылы туылған. 1938 жылы репрессияланған.

5) Қаламбаев Аппаз, 1900 жылы Созақ ауданы Үлкен Шу болысында дүниеге келген. 1937 жылы «халық жауы» деген таңбамен қамауға алынып, 10 жылға сотталды, Хабаровск өлкесі, Магадан облысында қамауда болды. 1947 жылы ақталып шыққан.

6) Нәзір Төреқұлов, 1892 жылы Түркістан маңындағы Қандөз ауылында дүниеге келген. 1937 жылы репрессия құрбаны болды, 1958 жылы ақталды.

7) Қыстаубаев Жұмабек, 1904 жылы туылған. 1937 жылы репрессияланған.

8) Жүнісов Кенжебек, 1937 жылы репрессияланған.

9) Сапарбеков Садықбек, 1902 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. 1936 жылы наурыз айында 36 жасында Алматы қаласында «халық жауы» атанып, атылды.

10) Сандыбаев Әбубәкір, 1887 жылы Түркістан генерал-губернаторына қарайтын Сырдария облысының Перовск уезіндегі Жөлек ауылында туған. «Халық жауы» деп 1938 жылы қамауға алып, абақтыға жапты. Сондағы күнәсі: Мұстафа Шоқаймен рулас болғаны ғана. Түрмеде жатып жоғарыға қайта-қайта хат жазып, 1940 жылы 22 қазанда «халық жауы» деген таңбадан құтылды.

11) Кулетов Қазмұхамед, 1897 жылы Сырдария облысы, Қазалы уездіне қарасты №1 ауылда дүниеге келген. 1937 жылы 28 қарашадан 27 желтоқсан айына дейін «троцкистермен, оңшылдармен байланысты» деп қамауда болады. 1938 жылдың 26 ақпанында ату жазасына бұйырылып, 13 наурызда орындалды. 20 жылдан кейін, 1958 жылы ақталды.

12) Тұрашев Жайлаубай, 1904 жылы туған. 1937 жылы репрессияланған. 1953 жылы ақталған.

13) Пернук Алексей, 1898 жылы туған. 1937 жылы репрессияланған, 1950 жылы ақталған.

14) Арапов Ташмет (Тәжімұхамед), 1878 жылы Арыс ауданы, Қараспан ауылында туған. 1937 жылы 30 желтоқсанда атылды.

Тарихта «ақтаңдақтар» деген атпен қалған Сталиндік солақай саясат жылдары әрбір қазақстандық азаматтың есінде мәңгі сақталады. Өз халқының болашағы жолында адал қызмет еткен және сол жолда құрбан болған азаматтарымыздың істеген істері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

М.Құрбанбаева,
Түркістан облыстық
мемлекеттік архивінің қызметкері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде медицина саласына қатысты көптеген мәселелер көтеріліп, шешімін табуда. Соның бірі – мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық қызметтер пакетін оңтайландыру.

Мемлекет қоржынынан медициналық көмекке бөлінген қаржы көлемі жыл сайын жүйелі түрде көбейіп келе жатқанда медициналық көмектің сапасы да біртіндеп жақсаратыны сөзсіз.

Жалпы, Шымкент тұрғындарына 97 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша жекеменшік 64 және мемлекеттік 33 ұйымда ТМККК көрсетуге мемлекеттік тапсырыспен қызмет көрсетуге келісім жасалған.

2019 жылдың қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Оның ішінде басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді. Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, басқа елді мекендерде (ауыл, аудан т.б.) 0,5 АЕК құрады. Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 2 мың 525 теңгені құрап отыр.

Мемлекет халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, тұрмысы төмен бөлігін қолдау мақсатында он миллионға жуық адамды сақтандыруды өз мойнына алып отыр. Яғни, 15 санатқа жататын азаматтарға сақтандыру жарнасы мемлекет тарапынан төленеді.

Н.Назарбекова,
«Шымкент көз микрохирургиясы»
ЖШС директоры,
Н.Киікбаева,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАК Шымкент қаласы бойынша филиалы
директорының орынбасары

Мемлекет басшысы дүйсенбі күні журналистерге баспасөз конференциясын өткізді, деп жазады Ақорданың ресми сайты. Қ.Тоқаев ҚР Президенті сайлауының қорытындысы бойынша отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сайлаудың жоғары деңгейде, ашық әрі әділ өткенін атап өтті.

Tokaev-1

– Ең алдымен маған дауыс берген Қазақстан азаматтарына алғысымды айтқым келеді. Бұл – үлкен жауапкершілік. Жауапкершілікті орындау – мен үшін үлкен міндет. Бұл – халықтың сенімі. Сайлау жоғары деңгейде, әділ және ашық өтті. Сайлау барысын мыңнан астам халықаралық байқаушы қадағалады. Әлемнің 40 елінен келген 350-ге жуық шетелдік журналист дүние жүзіне хабар таратты, - деді Мемлекет басшысы.

Қ.Тоқаев бұдан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Мемлекет басшысы сайлаудың ең басты ерекшелігі үміткерлер санының көп болуында екенін жеткізді. Оның айтуынша, жеті үміткер өз бағдарламасын жариялап, үгіт-насихат жүргізу ісінде тең мүмкіндікке ие болды.

– Бұл сайлау қызық әрі ашық өтті деп айтуға болады. Басқа үміткерлердің ұсыныстарын өте орынды деп есептеймін. Ең пайдалы тұстары жұмыс барысында назарға алынады, - деді Мемлекет басшысы. - Бұған дейін Қоғамдық сенім комитеті құрылатынын айтқан едім, оның құрамына қоғамымыздың түрлі топтарының өкілдері кіреді, онда пікір алмасатын боламыз.

Менің ойымша, әртүрлі көзқарастың болуы заңды, бірақ біз – бір халықпыз. Сан пікір – біртұтас ұлт.Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде кейбір мәселелер әлі де шешімін күтіп тұрғанын айтты.

– Сайлау науқаны кезінде мен аймақтардың барлығын аралап шықтым. Әрбір аймақтың өз ерекшелігі бар және еліміздің дамуына өз үлесін қосып отыр. Ал шынына келсек, елімізде түйіні шешілмеген мәселелер бар. Мен оларды жақсы білемін, сіздер де жақсы білесіздер. Бұл – медицинаның сапасы, жалақының төмендігі, экология, ауыз сумен қамтамасыз ету. Сондықтан өзекті мәселелерді басты назарға аламыз, - деді Мемлекет басшысы.

сайлау1jpg

ҚР Президенті осы орайда Үкіметке тиісті тапсырмалар беретінін баса айтты.
– Қазіргі таңда нақты шешімдер қабылдау керек. Халық бізден осы шешімдерді күтіп отыр. Халық ұзақ сөзден әбден шаршады. Сондықтан мен Президент ретінде осы жұмыспен міндетті түрде шұғылданамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкіметке қатысты мәселеге де тоқталып өтті.

– Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет таратылмайды. Дегенмен, жекелеген кадрлық ауысу болады. 

Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар тартылады. Меніңше, барынша қабілетті жас кадрларды тарту қажет, - деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін кадрлық резерв дайындауға уәде бергенін еске салды. Президенттің айтуынша, оған еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретін көрінеді.

– Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Басты мақсат – жастарды мемлекетті басқаруға тарту. Жалпы айтқанда, Үкімет жұмысына жаңа тыныс, жаңа серпін беру керек. Сондықтан менің талабым өте қатаң болады, - деді Президент.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында атом электр стансасын салу мәселесі күн тәртібіне шығарылмайтыны нақты айтылды.

– Атом электр стансасының құрылысы біздің күн тәртібімізде жоқ. Егер мұндай мәселе көтеріліп жатса, міндетті түрде халықпен ақылдасамыз. Тіпті қажет болса бұл мәселе бойынша референдум өткіземіз. Себебі бұл – өте жауапты, өзекті мәселе, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жиында ҚР Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтетіні мәлім болды.
Конференция соңында Мемлекет басшысы сайлау үдерісін жариялап көрсетуге және оның ашық өтуін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін журналистердің барлығына ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің дәстүрге айналатынын айтты.

Шымкенттегі Ұлттық теннис орталығында халықаралық теннис турнирі өтуде.

Теннис-1

Shymkent ATP Challenger сайысының ашылу салтанатына қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының жетекшісі Әлібек Нұртаев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев, федерацияның Шымкент қалалық филиалының директоры Виктор Афимин және судьялар қатысты.

Турнирді ашып берген бірінші орынбасары Қайрат Нұртай қаладағы теннис спортының дамып келе жатқанына тоқталып, теннис секцияларының саны көбейіп келе жатқанын айтты.

Қазақстандық теннис таланттарының арасында Достанбек Ташболатов пен Жібек Құламбаева секілді шымкенттік өрендер де бар. Ал Диас Досқараев мегаполис басшыларының турнирді өткізуде ғана емес, жалпы теннис спортын дамытуда көрсетіп жатқан қолдауларына тоқталып, алғыс білдірді.

Айта кетейік, Shymkent ATP Challenger турнирі 16 маусымға дейін жалғасады. Байрақты бәсеке ҚР Президенті Кубогынан кейінгі екінші турнир саналады. Жүлде қоры 50 000 АҚШ долларынан асатын халықаралық сайысқа 25 елден 100-ге жуық кәсіпқой теннисшілер қатысуда.

Страница 9 из 323