«Елдіктің суреткері»

Пятница, 01 Сентябрь 2023 08:51 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 346 раз

suretker

Шымкентте Конституция күніне орай «Елдіктің суреткері» жас ақындар мен қылқалам шеберлері арасында байқау өтті. Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен сайыста қатысушылар патриоттық тақырыпта сурет салумен, жас ақындар өлең шумақтарын шығарумен бақ сынады.

Байқау – талантты әрі дарынды жастарды қолдау, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов және аудандық «AMANAT» партиясы атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы құттықтап, аудан әкімінің арнайы сыйымен марапаттады. Байқау нәтижесінде бас жүлде «Отаным» атты жыр жолдарымен көпшілікті тамсандырған дарынды ақын Мадина Хакимжановаға бұйырса, қылқалам шеберлері арасында «Отан» картинасымен көзге түскен жас суретші Дастан Икрамидин иемденді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.