Президент халық пікірімен санасып, энергия тапшылығының алдын алуда батыл қадам жасады

Пятница, 01 Сентябрь 2023 11:17 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 538 раз

371423129 3446095712370037 1838317707571930432 nПрезидент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауы Қазақстан халқына бірінші кезектегі ең қажетті және маңызды мәселелерді шешуге арналды деуге болады.

Ол агроөнеркәсіптік кешенді өндірістен терең өңдеу технологиясына көшу және оны цифрландыру, банктердің корпоративтік несиелендіру қаржы саясатын өзгерту, отбасы банктің өңірлер мен аудандарда қаржыландыру саясатын жүргізу, геологиялық барлау жұмысының әлі де баяу қарқында жүргізуіне тоқталып, оны орындауға нақты мерзімдер белгіледі.

Республикада расында су шаруашылығы бойынша жылдан-жылға трансұлттық каналдарға тәуелділігіміз артып барады. Бұл тұрғыда су үнемдеуге қатысты айтылған сөз орамдары орынды. Мемлекет басшысы шаруашылығы барлық су шаруашылығы қатысты мекемелерді біріктіру арқылы Су ресурстары және ирригация министірлігін құрып, бірыңғай суға қатысты саясат жүргізуді тапсырды.

Ең маңыздысы, уран өндіруде еліміз алдыңғы қатарда екеніміз ескеріліп, атом энергостанциясын салуды, ол үшін бүкілхалықтық референдум өткізуді ұсынды. Бұл да Президенттің халқымыздың пікірімен санасып, болашақта электр энергия тапшылығының алдын алу жөніндегі батыл қадамы деп санаймын.

Сонымен қатар аудан облыстар әкімдіктеріне бюжет кодексіне өзгеріс енгізіп, дербес бюджеттерін қалыптастыруға, бірқатар салық түсімдерін өңірлерге беруді тапсырды.

Жалпы айтқанда, Мемлекет басшысы осы Жолдауында барлық саланы қамтып, орындауға мерзім белгіледі. Бұған қарап еліміздің дамуына нақты қадамдар жасалғаны айқын көрінеді.

Тоқсейіт ЕЛЕКЕЕВ,
М.Әуеов атындағы ОҚУ Аграрлық факультет,
Ветеринарлық медицина кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор

Последнее изменение Пятница, 01 Сентябрь 2023 12:22
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.