МАҚСАТ – ТАЗА ҚОҒАМ ҚҰРУ

Среда, 29 Май 2024 05:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 306 раз

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Мемлекетіміздің күрделі әрі маңызды мәселесі. Сондықтан да, бұл мәселемен күресу жолында, яғни алдын алу үшін біздің елімізде ұйымдастырылып жатқан шаралар, атқарылған жұмыс аз емес.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестерде еліміздегі жемқорлықтың алдын алуды және болдырмауды қатаң ескертіп, тапсырма беруде.
Мемлекет басшысы ол жайлы: «Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз» деген болатын.
Қоғам болып жұмыла күресетін бұл дертті жою мақсатында Тұран ауданы әкімі аппараты тарапынан да тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар, семинар сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жарияланды. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы «Сенім жәшігі» орнатылған. Әкімдіктегі әрбір бөлімдегі кабинеттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық нөмері жазылған хабарламалар ілінген. Арнайы бейнероликтер үздіксіз көрсетіліп тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алып, ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұданда ілгерілейтіні анық. Бұл тұрғыда қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында адалдық және жауапкершілік қағидаларын, қасиеттерін ұмытпай ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылады деген сенімдемін.

Б.ӘШІРБЕКОВ,
Тұран ауданының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.