ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Среда, 29 Май 2024 05:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 193 раз

Қаратау аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын орындау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілген.

 

Осы жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, осы заңнамалармен бекітілген талаптарды сақтамау жөнінде айына бір рет қызметкерлерге құқықтық сабақтар өткізіліп келеді. Сондай-ақ, онда бекітілген талапты сақтамаудың салдары жөнінде де түсініктеме беріліп отырады.
Аудан әкімдігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық жадынамалар баршаға көрінетіндей етіп орналастырылған. Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының атқарған жұмыстары мен атқаратын жұмысының жоспары туралы ақпараттар әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тұрақты жарияланып отырады. Ал, тұрғандардың аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында қалдырған өтініштеріне тиісті мамандар жауап беріп отырады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Шымкент қаласы әкімінің өкімімен бекітілген кестеге сәйкес, 2024 жылы аудан әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. Ішкі талдаудың қорытындысы қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге талқыланды.
«2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында құзырлы мекемелермен бірлесіп 2023 жылы жиналыс, «дөңгелек үстел» мен семинар ұйымдастырылса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша аппарат қызметкерлеріне 44 құқықтық сабақ өткізілді. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру бастамасына сәйкес, 2023 жылы ИЧ 167/11 тергеу изоляторына аудан әкімі аппаратының қызметшілерін алып барып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
2023 жылдан бастап Қаратау ауданы әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратында тұрғындарды қабылдауға қолайлы «Ашық әкімдік» кабинеті жұмыс істеп келеді. Аудан әкімі мен оның орынбасарлары апта сайын кестеге сәйкес қала тұрғындарын жеке қабылдау жүргізуде.
Елімізде жүзеге асырылып жатқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтауда биыл да Қаратау ауданының әкімдігі өз құзыреті шегінде барлық қажетті ұйымдастыру және алдын алу шараларын жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.

Р.МҮЛКЕМАНОВ,
Қаратау ауданының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.