ӘДЕП НОРМАСЫН САҚТАУ – МАҢЫЗДЫ ІС

Среда, 29 Май 2024 10:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 207 раз

Әдептілік – адам бойындағы жағымдық қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, елге қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

 

 

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Адамның сөз мәнері, іс-қимылы, әрекеті, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениеті, әдепті екенін көрсетеді. Адам басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке келтіретін – әдептілік.

         Көпшілік орындарда дауыс шығарып күлу, жасы үлкендерге, мүгедектерге, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, мобильді телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы да жағымсыз қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамдылық болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.

         Жұмыстағы мінез-құлық этикасы бұл – әріптестер, бәсекелестер арасындағы шынайы және тура қарым-қатынас. Ұжымдық жұмыстың ұстанымдары. Ұжым, оның әрбір мүшелері жеткен жетістікке қарағанда әлдеқайда зор табысқа жете алады. Жұмыс орнында қолайсыз, шиеленіскен жағдай тудыратын іс-әрекетке, ескертпе немесе басқа да міне-құлыққа жол берілмеуі керек. Жұмыс орнында өз туысқаныңмен отбасындағы роліне қарай емес, қызметіне қарай қатынас жасауы тиіс. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. Қызметтік әдеп нормасын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ, тәртіптік шара қолдануға алып келеді.

         Мемлекеттік қызметтегі әрбір азамат мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, Әдеп кодексінің талаптарын сақтауды үнемі назарда ұстауы тиіс. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайым бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, парасаттылығымен, мәдениеттілігімен әдемі.

 

Қ.Ертуов,

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.