МАМАНДЫҚТЫҢ ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН КӨРСЕТТІ Избранное

Пятница, 14 Июнь 2024 06:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 212 раз

Қажымұқан атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасы кубогының VII турнирі басталды. Төрт күнге жоспарланған сайыста еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.

mamandik

 

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың бірінші күні жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша бәсекелер өтті. Бұл дисциплина күш пен жете назар аударуды талап етеді. Өйткені, бұл кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық қана емес, ептілік те қажет. Жүгіру динамикалық түрде 2 метрлік қоршауды еңсеру, бөрене арқылы жүгіру секілді бірнеше элементтерді қамтиды.
Турнирдің екінші күнінде командалар оқу мұнарасының 2, 3, 4-қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарысады. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.
Осындай дәрежедегі жарысқа қатысу және өз күшін сынап көру үшін Қырғызстан Республикасының спортшысы Алишер Конокбайулу да турнирге арнайы келген.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.