ЛАСТАНҒАН АУМАҚТАРДЫ РЕТКЕ КЕЛТІРДІ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 04:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 247 раз

Ел Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Amanat партиясы әр бейсенбі сайын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын қолға алған болатын. Шымкентте кезекті іс-шара Абай ауданына қарасты Асар шағынауданында өтті.

SubboT

 

Тазалық жұмыстарына AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, партияның қалалық филиалы Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Төлегенов, партия өкілдері, партия жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері, зиялы қауым, ардагерлер, мәслихат депутаттары қатысты
– Акцияның басты мақсаты – елді мекендерді қоқыстан тазарту. Алдымен ластанған аумақтар картаға сызылады. Егер өзіміз өмір сүріп жатқан қала, еліміз-жеріміз таза әрі әдемі болсын десек, тазалықты алдымен өзімізден бастауымыз керек, – дейді акцияға қатысушылар.
«Таза бейсенбі» бір реттік науқан емес, AMANAT партиясының мүшелері әр апта сайын бас қосып, ең лас деген аумақтарды ретке келтіреді.
«Таза бейсенбі» акциясы Таза Қазақстан жобасы шеңберінде жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болады.

Г. ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.