1300 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 06:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 557 раз

Шымкентте еңбек жасақтарында еңбек етіп жүрген жастар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл қаладағы жұмыссыз жастар санының азаюына да ықпал етіп отыр. Қалада еңбек жасақтарының биылғы маусымында 1300 жас жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

JaS

 

– «Жасыл ел» еңбек жасағы – жастар арасындағы ең танымал бағдарламалардың бірі. Ол 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында жас қазақстандықтар қалаларды көгалдандыруға қатысып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар жоба еңбекке баулып қана қоймай, жастарды ортақ идеялар төңірегінде топтастырады. Жаңа достар тауып, өздерінен кейінгі іні-қарындастарына үлгі болады, – дейді Шымкент қаласы бойынша координаторларының бірі Қуаныш Нұрлыислам.
«Жасыл ел» еңбек жасақтарына өтініш қабылдау мамыр айынан баcталып, ерікті жастардан топ құрылған. Жобаға 16-34 жас аралығындағы жұмыссыз жастар қатыса алады. Еңбек сарбаздарына арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Айта кетейік, жастардың жұмыс тобы 5 ауданға бөлініп, күніне 4 сағаттан тиімді, пайдалы жұмыстар атқарады.
Жалпы, қала бойынша биыл 1300 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Жоба Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтуде. Жастар құжаттар мен өтінішті «Жасыл ел» штабында аудан бойынша жауапты ретінде бекітілген арнайы қызметкерге тапсырады. Орын саны шектеулі.
«Жасыл ел» – мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қалалар мен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға, жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған жалпыұлттық қозғалыс. Яғни, жас жұмысшылар тал-теректерді күту мен көгалдандыру, елді мекендерді абаттандыру және құрылыс жұмыстары секілді бағыттардағы қызметтерді атқарады. Бұл – Шымкент жастарынан құралған жасақ мүшелері жаз айларында қолға күрек пен балға ұстап, қоршаған ортаға пайдалы іспен айналысып әрі өздері қосымша табыс табады деген сөз.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.