ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚАТАРЫ ЖАС САРБАЗДАРМЕН ТОЛЫҒУДА Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 06:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 212 раз

Шымкенттегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөліміне Ақтөбе және Қонаев қалаларынан 80-ге жуық жас сарбаз келді. Алдағы апталарда еліміздің басқа да өңірлерінен сарбаздар келеді деп күтілуде. Жалпы, осы шақырылым аясында бригада 400-ге жуық сарбазды қабылдайды.

Asker

 

Бөлімге келген әскери қызметшілер бір ай ішінде әскери қызметшінің бастапқы дағдыларын меңгеретін, лауазымдық міндеттерін зерделейтін оқу пунктіне бөлінеді. Әскерге шақырылушылармен атыс, саптық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы бойынша сабақтар өткізіледі.
– Жас сарбаздардың келуіне барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылды. Оның құрамына тәжірибелі офицерлер мен сержанттар кірді. Олар сарбаздарды әскери істің негіздеріне үйретіп қана қоймай, олар үшін жаңа жағдайларға бейімделуге көмектеседі, – деп атап өтті оқу пунктінің бастығы полковник Бағитжан Баламбаев.
Оқу пункті аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер салтанатты түрде Отанды қорғауға ант береді.
Айта кетейік, 6506 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ірі бөлімшелерінің бірі және Шымкент пен Түркістан қалаларында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді орындайды.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.