ШЫМКЕНТІМ ШЫРАЙЛЫ МЕКЕНІМ

Вторник, 07 Май 2024 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 169 раз

            Менің туып-өскен жерім - Шымкент қаласы. Қазіргі таңда, Шымқаламыз үшінші мегаполис болып саналып, күннен күнге жайқалып, құлпырып келе жатыр. Халқы қонақжай, келген кісіні жайдары жүзбен қарсы алады. Қаланың әсемдігін мен қатар, бұл жерде қазақилықтың иісі анқып тұрады. Оған дәлел, қаладағы ойын-сауық орындары мен музей және тағы көрнекі орындар. Қаламыздың ауасы кең, суы мөлдір, топырағы құнарлы.

 

Себебі, Шымкентте түрлі гүлдің түрлері мен жемістер, көкеністер өседі. Ол еліміздің әр өңіріне жеделтіліп жатады. Халқымыз сырттан адам келсе, асынан дәм ауыз тигізіп, қаланың әсемдігін тамашалатады. Бұл қалада еліміздің ірі қайраткерлері, ақын-жазушылары туып-өскен. Шымкент-құтты мекен. Қаланың сыртында кесенелер мен түрлі киелі орындар бой көтеріп тұр. Қалаға қонақ болып келгендер, міндетті түрде осы киелі орындарға жол туралағаны дұрыс деп санаймын.

1010

Қаламыз заманауилықтан да кем түспес. Шымкентті жастар қауымы, тек жастар ғана емес дәмді самсасы мен ерекше кәуабымен таниды. Қалада жастарға арналған ойын-сауық кешендері де аз емес.

Осындай шаһарда туылып, бой жетіп өскеніме мен қуанамын.

Шымкентімнің мақтан тұтар тұстары қаншама. Келген адамды өзіңе баурап алатын-бұл қала Қазақстанның «үшінші қала»атағын алуы да себепсіз емес. Жат жерде білім алып жүріп, туған жерге деген сағыныш, мені сонда жетелейді. »Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»деп бекер айтпаған ғой. Әрбір адамның туған елі өзіне ыстық ұя.

Бүгінде қаламыз күннен күнге бой көтеріп, құлпырып келе жатыр. Білім жағынан да, мәдениет жағынан да өлкеміздің ойып алардай орны бар. Осы үшінде мен Шырайлы Шымкентімді мақтан етемін!

Жарылқасын Абай Нұрланұлы
Н.Оңдасынов атындағы 38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы 
Шымкент қаласы

Последнее изменение Понедельник, 01 Июль 2024 07:52
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.