ИПБ-ден қаражатты ҚР Ұлттық Банкінің басқаруына қалай қайтаруға болады?

Среда, 24 Июль 2024 11:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 526 раз

   Зейнетақы активтерін ИПБ сенімгерлік басқаруына бастапқы бергеннен кейін салымшы жылына бір реттен жиі емес мерзімде өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-ден екіншісіне сенімгерлік басқаруға беру үшін БЖЗҚ-ға өтініш беруге құқылы. Егер сіз жинақтарды ҚРҰБ басқаруына қайтару туралы шешім қабылдасаңыз, онда мұны зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-дан ИПБ-ге бергеннен кейін бір жылдан кейін жүзеге асыруға болады.

   Зейнетақы активтерін ИПБ-ге сенімгерлік басқаруға, бір ИПБ-ден екінші ИПБ-ге беру, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ИПБ-ді сенімгерлік басқарудан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтару мақсатында салымшы БЖЗҚ-ға электрондық цифрлық қолтаңбамен не қол қойылған жеке өтініш жолымен БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы өтініш береді.

  Салымшы зейнет жасына жеткенге дейін 10 жұмыс күні бұрын салымшының МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен барлық зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына автоматты түрде қайтарылатынын атап өтеміз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.