АЭС ИГІЛІГІН БАРША ЖҰРТ КӨРЕДІ Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 68 раз

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Tulip Hаll сарайында АЭС мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті.

asss

 

Жиынға мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің қызметкерлері, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің техника ғылымдарының кандидаты, доцент Рамиль Ильясов және студенттер қатысты. Жалпы, 150-ге жуық адам жиналған іс-шарада жан-жақты ойлар мен ғылыми дәлелдемелер айтылды.
- Атом электр станциясының құрылысы тек энергетикалық қауіпсіздік қана емес, Қазақстанның болашағына арналған ұзақ мерзімді инвестиция. Атом энергиясы әлемдегі ең таза және сенімді энергия көзінің бірі болып табылады. Бұл қазба ресурстарына тәуелділіктен арылу және көміртегі шығарындысын айтарлықтай азайту мүмкіндігі болып табылады. Азаматтардың ел болашағы туралы шешім қабылдауға белсенді қатысуы аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе бойынша алдағы республикалық референдумның ерекше мәні бар. Бұған дейінгі АЭС -ның жарылуы адамдарға қорқыныш ұялатқан. Бірақ бұған себеп техникадан емес, адами фактордан болып отыр. Алдағы уақытта сол қателік біздің елде болмайды деп сенеміз. Ақын, Ринат Зайытов өзінің бір сөзінде «АЭС салынады деп қорықпаймын. Жұрт болып дауыс берген соң, салынбай қала ма деген қорқыныш бар» деген еді. Сондықтан, АЭС игілігін барша жұрт көру үшін оның құрылысын айтылған, жоспарланған межеде салынуы керек,-дейді Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова.
Жиын соңында Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерден келген қызметкерлер Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, жобаны жүзеге асыруға қатысты өз ұсыныстары мен тілектерін айтты. Сондай-ақ, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір азаматтың дауыс беру маңыздылығы сөз болды.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.