КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ҚОЛДАЙДЫ Избранное

Пятница, 27 Сентябрь 2024 05:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 84 раз

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы университетінің колледжінде «АЭС: Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында кездесу өтті.

колледж

 

Шараның мақсаты – жастар арасында атом энергетикасының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және жаңа технологияларға қызығушылықты арттыру. Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылар қатысты. Олар АЭС-тің болашағы, экологиялық таза энергия көздері мен жасыл технологиялар тақырыбында пікір алмасты.
Спикерлер Қазақстанның болашағы үшін атом электр стансасы құрылысының стратегиялық маңызын талқылауға ерекше назар аударды. Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты экономикалық өсіп-өркендеуін қамтамасыз ету мәселелерінің шешімі – атом энергетикасы. Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Аружан Әлжан болашақта барлық салаларда энергия тапшылығы болуы мүмкін. сол себепті, АЭС еліміз үшін қажет.
– АЭС құрылысы Қазақстанға электр энергиясына байланысты сұраныстың шешімін табуға және сенімді энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл экономикалық белсенділікті қолдауға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Дегенмен, әлеуметтік желілерде желдей ескен дұрыс емес ақпараттар жүр. Олардың басым көпшілігі ешқандай дәлелсіз, айғақсыз жарияланған. Жастарды, қала тұрғындарын осы қауесетке сенбей тек мемелекеттік БАҚ өкілдерінің жазбаларын қарауға шақырамыз,-дейді Аружан Әлжан.
Жүздесуге қатысушылар атом энергетикасын дамытудың келешегі мен бүгініне тоқталды.Кездесу соңында, жастар АЭС-тің энергетика саласындағы рөлі мен маңыздылығын тереңірек түсініп, болашақта осы салада жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді.

Г. ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.