Стратегияны орындау басты мақсат

Четверг, 10 Декабрь 2015 07:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4390 раз

Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Осы мақсатта,  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, № 4 қалалық бөлімімен ағымдағы жылдың 4-тоқсанында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы аясында Шымкент қалалық Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі АХАТ саласының және Еңбекші ауданының әділет басқармасы заңды тұлғаларды тіркеу саласының, Шымкент қаласының Білім бөлімі, сәулет және қала құрылыс бөлімінің мамандарымен және Еңбекші ауданының зейнетақы төлеу орталығының маманының сондай-ақ, Еңбекші ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің қызметкерімен бірлесе отырып семинар өткізілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті қызметкерімен бірлесе мемлекеттік органдармен қолданатын шараларының тиімділігін талқылау  бағытында сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол
үшiн жауаптылық және сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою жолында іс-шаралар өткізілді.
Бұл тиімді іс-шаралар Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын насихаттау мен сыбайласқан қылмысқа қарсы күреске бағытталып, жемқорлық көрінісіне жол бермеу оның алдын-алу мақсатында жасалды.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.