Өз аллеямыз бар

Понедельник, 07 Декабрь 2015 06:26 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2835 раз

Шымкентте тағы бір аллея ашылды. Тағы дегенімізбен бұл аллеяның орны бөлек. Өйткені, тұңғыш рет қаламыздың қос басылымының атымен аталатын аллеяны журналистер қамқорлығына алмақ.

 MG 9214   MG 9248 

Өткен аптада Қошқарата өзенінің жағасынан «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің құрметіне аллея ашылады. Оған әкімдік қызметкерлері, журналистер және біздің газеттеріміздің оқырмандары қатысады.
– Журналистер аллеясының ашылуы бізге көрсетілген құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Бұл қаламыздың дамуына үлкен үлес қосқан қос басылым редакциясы ұжымының, жалпы оңтүстік өңірі журналистерінің еңбегін бағалау деп есептеймін. Қала әкімдігінің журналистерді қолдауының нәтижесінде ашылған аллея шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналады деген үміттеміз, – деді «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директор-бас редакторы Айгүл Қапбарова.
Журналистер және салтанатты шараға жиналған қауым жаңа аллеяға алғашқы көшеттерді отырғызатын болады.

 MG 9239   MG 9267 
Последнее изменение Понедельник, 07 Декабрь 2015 06:56
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.