Өз өнiмiн тегiн таратуда

Пятница, 11 Декабрь 2015 06:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3264 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен ел аумағында алғаш  болып «Малика» кондитерлік фирмасы жергілікті тұрғындарға тегін нан таратты.

12348481 464906293695249 1920908093 nИгілікті бастамаға қолдау көрсеткен Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабының тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынбай Урайымжанов өзінің бұл ісін азаматтық парызы деп біледі. Өз кезегінде іскер азамат өңірде кәсібін өркендетіп отырған әріптестерін ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған нақты міндеттерді орындау мақсатындағы шараларға қолдау көрсетуге шақырды.
Айта кетейік, аталмыш кондитерлік фирмасы жергілікті аз қамтылған отбасылар үшін апта бойы тегін бөлке нан таратпақ. Бүгінде Қаратау ауданында жалпы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1636 адам болса, оның 36-сын кедейлік шегінен төмен тұратын отбасылар құрайды.
Бұл қайырымдылық акциясы алдағы уақытта қаланың өзге де аудандарында жалғасын таппақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.