Зейнеткерлiкке шығарып салды

Пятница, 11 Декабрь 2015 07:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4432 раз

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында құрметті демалысқа шыққан судьялар – Бақытжан Ботабековты, Несібелі Қойшығұлованы, Сайлаубай Мамираимовты және Ыбырай Мәтібаевты зейнеткерлікке шығарып салды.

1112Облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов зейнеткерлікке (отставкаға) шыққан судьяларды құттықтап, олардың сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері мен мінсіз атқарған қызметтері үшін алғысын білдірді.
– Сіздер көп жылдар бойы судьялық қызметті абыроймен атқарып, еңбектеріңіз мемлекеттік, ведомстволық наградалармен атап өтілген және Сіздердің сот билігіндегі қызметтеріңізге қарап, жас судьялар тәлім-тәрбие алады. Алдағы уақытта Сіздер ұжыммен байланыста болып, жас судьялар мен мамандарға кеңестер беріп, өз тәжірибелеріңізбен бөліседі деген ойдамын және бұдан былай да еліміздің сот жүйесін жетілдіруге үлестеріңізді қоса береді деген сенімдемін» – деді төраға.
Облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов судья Ы.Мәтібаев пен С.Мамираимовқа «Қазақстан Судьялар одағының Құрметті мүшесі» Құрмет белгісін тапсырды.
Құрметті демалысқа шығып отырған судьялар облыстық сот ұжымының тарапынан ұйымдастырылған іс-шара мен жасалған сый-сияпаттарға әрқайсысы өздерінің алғыстарын жеткізіп, әріптестеріне сот төрелігін іске асыруда жетістіктер тіледі.

Қабыл ДҮЙСЕНБИ,
ОҚО сотының
Ақпараттық қамтамасыз ету
бөлімінің басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.