Мұнан соң Қазыбек би көшесі мен «Теріскей» аялдамаларына және әуежайға қойылды. «Диспетчерлік орталық» ЖШС-нің директоры Самат Батырұлының айтуынша, карта жолаушыларға жолсерік болып, қажетті аялдамаларға бағыт көрсетіп тұрады.
Бұл шымкенттіктер мен қонақтарға жол табуға көмектесетін құрал болып отыр. Жаңа карталар жолаушыларға ыңғайлы. Автобустар бағыты түрлі-түспен, әртүрлі белгілермен берілген.
– Картада белгілі бағытта жүретін автобус бағдарлары көрсетілді. Сондай-ақ барлық атаулар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылды, – дейді диспетчерлік орталықтың мамандары.
Алдағы уақытта жаңа карталар жолаушылары көп аялдамаларға да орнатылмақ.
Аялдамадағы карталар адастырмайды Избранное
Среда, 03 Февраль 2016 05:26 Автор Құттыбике НҰРҒАБЫЛ Опубликовано в Қоғам Прочитано 4567 разҚұттыбике НҰРҒАБЫЛ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.