×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Шымкентте қоныс той көбейдi Избранное

Среда, 17 Февраль 2016 04:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5181 раз

Тұрғын үй кезегіне тұрған 180 отбасы
жаңа пәтерге қол жеткізді

obl akim turgyn uiБаспаналы болған тұрғындарды облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов арнайы құттықтап, пәтер кілтін табыс етті.


Бұл күні 36 отбасы «Ақжайық» шағынауданында бой көтерген бес қабатты тұрғын үйдің алғашқы тұрғындары атанды. Қоныс тойын тойлағандардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері мен әскери қызметшілер, сонымен қатар, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар бар. Ондағы пәтерлер «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы тапсырылды.

– Жылдан жылға алдымызға қойған мақсатымызды орындап жатырмыз. Жаһандық дағдарыс жағдайында да елімізде әлеуметтік саланы жақсарту бағытында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Бүгінгі қуаныштарыңызға ортақпыз. Алдағы 5 жылдықта баспанаға мұқтаж жандардың саны біршама азаятынына сенімдімін. Себебі, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тұрғындарды баспанамен қамту бағытында қызмет аясын біршама кеңейтіп отыр. Жыл соңына дейін «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы қалада тағы 21 тұрғын үй, яғни, шамамен, 1700 пәтер пайдалануға беріледі, – деп атап өтті облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов.

turghyn ui

Сондай-ақ, «Нұрсәт» шағынауданында коммуналды тұрғын үй қоры есебінен 144 пәтер пайдалануға берілді. Көпқабатты үйдің құрылысы 10 ай уақыт ішінде тапсырылған. Мұнда бірыңғай үлгіде бой көтерген тағы алты үй бар. Алдағы уақытта онда 400-дей отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.


– Бүгінде Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде 21 547 азамат тұр. Олардың 1500-і – жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар. 8 мыңға жуығы тұрмысы төмен отбасы балалары, қалғаны мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері саналады. Апатты үйлерде тұратын 21 адам да баспана алуға өз кезегін күтуде, – деді қала әкімі
Ғ. Рахматоллаұлы.

Өз кезегінде, жаңа пәтерге ие болғандар мемлекет тарапынан көрсетілген лайықты қолдауға ризашылық сезімін білдірді.