×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жеңiмпаздар жетiстiгi ұлықталды Избранное

Четверг, 24 Март 2016 13:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3193 раз

Шымкент қаласындағы Жеңіл атлетика манежінде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында халықтың басым дауысын жинаған «Нұр Отан» партиясының жеңісін ұлықтаған жеңімпаздар форумы болып өтті. Форумға облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының Төрағасы Бейбіт Атамқұлов, партия жақтаушылары қатысты.


 

jenimpazdar 23

Салтанатты шара барысында патриоттық әндер шырқалып, LED-экран арқылы тікелей эфирден Орталық сайлау комиисиясының шығарған сайлаудың алдын ала қорытынды нәтижесі көрсетілді.

– «Нұр Отан» партиясының бүгінгі жеңісі – шын мәнінде, күллі Қазақ Елінің біртұтас қоғамда өзара ауыз біршілікте, ортақ мүдде жолында ғұмыр кешіп отырғанын әйгілейді. Тұрғындардың белсенді түрде «Нұр Отан» партиясына дауыс беруі – Елбасының салиқалы саясатына, елдің кемел келешегіне көрсетілген лайықты баға болды, – деп атап өтті Бейбіт Бәкірұлы.

Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы 82,15 пайызбен жеңіске жеткен.

Последнее изменение Четверг, 24 Март 2016 14:44