Қала әкімі жұмысқа велосипедпен барады

Вторник, 05 Июль 2016 05:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3665 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметтік көлігін велосипедке ауыстырды. Бұған дейін қызметтік көліктен бас тартып, өз көлігін пайдаланып жүрген шаһар басшысы енді жұмысына велосипедпен қатынауды ұйғарыпты.

photo 189239

– Қала әкімінің көлік орнына велосипедті таңдауы PR-қадам емес. Ол қала тұрғындарына үлгі көрсетіп, велосипедпен жүру тек денсаулыққа пайдалы ғана емес, сондай-ақ кептелістен оңай құтылуға болатынын да көрсеткісі келеді, – дейді әкімдік қызметкерлері.
Ал заң бойынша қызметтік көлікке бөлінетін қаржы әкімдік қызметкерлерінің сыйақы қорына аударылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.